Спорт үйірмелерінде ауылдағы балалардың үлесі неге аз
Биыл 190 мыңнан астам бала спорт үйірмелерімен қамтылады. Бірақ тағы да ауыл балаларының үлесі аз. Өйткені мемлекеттік бағдарламаны іске асыру қалаларда қолайлы деп түсіндірді мәдениет және спорт министрі.
Автор: Мерей Қалиасқар
01.08.2023
Асхат Ораловтың сөзінше, мәселені шешу үшін қаржыландыруды «қалалық» және «ауылдық» аймақ деп бөлу шарттарын енгізу қажет. Қажетті спорт инфрақұрылымының жетіспеу мәселесі де өткір тұр. Жергілікті жерлерде әкімдіктер қолданыстағы спорт ғимараттары мен алаңдарын қайта қалпына келтіру және жаңарту шарасы көңіл көншітпейді. Осыған қатысты Үкіметке түсіп жатқан шағым көп. Мәселен, Павлодар облысында үш жыл бұрын жөнделген стадион құлап, жарамсыз күйге түскен. Қарағанды облысындағы вахталық кентте спортзал қирап қалған. Дене шынықтыру мұғалімі мен кәсіби жаттықтырушылар да жетіспейді. «Мұның бәріне дене шынықтыру мен спортты басқарудың тиімді біртұтас жүйесінің жоқтығы себеп» - дейді Үкімет басшысы.
Әлихан Смайылов, ҚР премьер-министрі:
- Үкімет дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті. Біздің алдымызда 2030 жылға қарай халықтың 50 пайызында дене шынықтыруға және спортпен шұғылдануға тарту міндеті тұр. Сондықтан салалық министрлік пен әкімдіктер осы бағытта жұмысты күшейтуі қажет.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!