{metadescription}
Оралда жаңа пәтерлердің төбесінен су ағып, іргетасы жарыла бастаған
Оралда жаңа пәтерлердің төбесінен су ағып, іргетасы жарыла бастаған

Оралда жаңа пәтерлердің төбесінен су ағып, іргетасы жарыла бастаған

Оралда жеке құрылыс компаниясынан қыруар қаржыға баспана сатып алған тұрғындар шу шығарды. Себебі: су жаңа пәтерлердің төбесінен жаңбыр өтіп, іргетасы жарыла бастаған. Сондықтан «баспаналы болдық» деп бөркін аспанға атқандар үйден бас тартамыз деп отыр.

Өйткені көпқабатты үйді тұрғызған компания өкілдері тұрғындардың шағымын мүлде елеп-ескермеген. Кәсіпкер кепіл мерзімі өткенше уақыт созып, соңында құрылыс сапасына жауапты жан таппай қаламыз ба деп қорқады пәтер иелері.

Пәтердің іші дым тартып, қабырғалары көгеріп кеткен. Бағдат Сафиуллина 17 миллион теңгеге алған жап-жаңа баспанасы алғашқы жылы осылай болады деп ойламапты. Оның үстіне 10 миллион теңгесін жөндеуге жұмсаған. Өткен жылдың мамырында ғана қоныс тойын тойлаған тұрғындар қыстан әупірімдеп шыққанымен, көктемде шатырдан су сорғалаған. Пәтер иелері бұл баспананы сатып алу үшін зейнетақы қорындағы қаражаты жетпей, банктен несие алыпты. Сөйтіп құрылыс компаниясымен есеп айырысып үлгерген. Енді кімнен көмек сұрарын білмей сабылып жүр.

Рамиля Шагиева:

- Міне, балаларымыз біреудің немересі үшін әкеліп төккен құмында ойнап отыр. Бір жарым жыл уақыт өтті. Ақшасын түгел бердік. Жекеменшік компанияға қарыз болсақ бір сәрі. Пәтерді айтқан ақшасына сатып алдық.

Үйлерінің кем-кетігін жөндеуге тұрғындардың қолы бармай отыр. Себебі құрылыстың бірде-бір құжаты жоқ.

Әлия Әбілқайырова:

- Жылдан асты ғой, құрылыс компаниясы тиісті құжаттарды жасатуы керек. Неге екенін,, олар асығар емес. Құжаттарды қолымызға алып, бізде нақты пәтер иесі екенімізді білсек, жамапжасқар едік.

Тұрғындардың айғайын естіп жиынға келген құрылыс компаниясының өкілі бұндай проблеманың барын «бүгін ғана естідім» дейді. Балалар ауласын жасап бере ме, жоқ па, оны әлі ойланады. Өйткені құрылыс жобасында ойын алаңы қарастырлмаған екен. Ал кем-кетікті жөндеуге уақыт керек дейді.

Әсел Ысқақова, «Жега Корпорейшн»ЖШС заңгері:

- Құжаттар дайын болады, сосын сіздерге тапсырамыз. Кейбір тұсы қалды, аяқталмаған. Шатырды жөндеуге тырысамыз, қалған шаруаны жылдың аяғына дейін аяқтаймыз.

Тұрғындар серіктестіктің заңгеріне сенген жоқ. Сондықтан арнайы адвокат жалдап, өз құқықтарын қорғамақ. Өйткені кепіл мерзімі аяқталып қалса, құрылыс компаниясы ұстатпай кетуі мүмкін деп қорқады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қазан

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.