{metadescription}
Ақтөбеде 4 жасар ұлын өлтірген әке өмір бойы түрмеде отыратын болды
Ақтөбеде 4 жасар ұлын өлтірген әке өмір бойы түрмеде отыратын болды

Ақтөбеде 4 жасар ұлын өлтірген әке өмір бойы түрмеде отыратын болды

Ақтөбеде төрт жасар ұлын өз қолымен өлтірген қатыгез әке өмір бойы түрмеде отыратын болды. Қандықол қылмыскерге сот бүгін осындай ауыр жаза кесті. Жантүршігерлік оқиға осыдан сегіз ай бұрын болған еді.

41 жастағы Артур Ахунов ұлын үйінде ұрып өлтіріп, мәйітті көму үшін арнайы техника мен жұмысшы жалдаған. Одан кейн қылмысын жасыру үшін баласына өтірік іздеу салып, полицияға да арыз жазған. Тергеуде қылмысын бірден мойындағанмен, сот кезінде сөзінен айныды.

Өз баласын өлтірген Артур Ахуновты қолдап үш апта бойы сот процесіне бірде-бір танысы да, туысы да келмеді. Үкім шығар күні сотталушының тек кәрі анасы тыңдауға келді. Судья өз перзентінің қанын мойнына жүктеген әкеге еліміздегі ең ауыр жазаны кесті.

Нұрлан Бақтығали, Ақтөбе облысы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот судьясы:

- Сот Артур Галимжановичті ҚР ҚК 99-бабы, 3-тармағы бойынша кінәлі деп тауып, өмір бойына бас бостандығынан айыруға жаза кесті. Сондай-ақ педагогтік және кәмелетке толмағандармен жұмыс атқаруға тыйым салады.

Әкесі ұрып өлтірген 4 жасар Данил үшемнің бірі. Қалған екі сыңары қылмыс болған күні әжесінің үйінде болыпты.

Жантүршігерлік оқиға өткен жылдың желтоқсан айында болған. Алдымен қатыгез әке «балам жоғалды» деп полицияға арыз жазады. Тіпті еріктілермен бірге іздеу жұмысына да қатысады. Бірнеше күннен кейін тәртіп сақшылары төрт жасар бүлдіршіннің мәйітін тапқан. Өлген баланың денесін Артур Ахунов он күн бойы балконда сақтап, кейін қытай сөмкесіне салынған мәйітті шімірікпестен үйінің жанындағы құдыққа көміп тастапты. Тіпті жерді қазу үшін арнайы техника мен жұмысшы жалдаған. Бірақ сот кезінде ол бұл қылмысын мойындамады. Соңғы сөзінде сараптама мен тергеу де бұрмаланды деп ақталумен болды.

Артур Ахунов, сотталушы:

- Менің қылмыстық ісім бойынша тергеу дұрыс жүргізілмеді. Сотмедициналық сараптамада қателіктер жіберген. Психиатриялық сараптама да тек тергеудің дегенімен жүргізілген. Маған және анама тергеу кезінде қысым жасалды. Сол кезде қылмысты амалсыз мойныма алдым.

Сотта Артур Ахунов баласын сыңары басынан ұрып өлтірді деп мәлімдеме жасады. Бірақ дер уақытында неге жедел жәрдем шақырып, неге ұлының мәйітін жасырғанын да айтып бере алмады. Өз әкесі өлтірген Данилдің екі сыңары қазір қиын жағдайға тап болған балаларды қорғау орталығында. Анасы ішімдікке салынып, кезінде ата-ана құқығынан айрылған. Әжесі оларды қолына алудан бас тартып отыр.

- Немереге қарауға шамам жоқ қазір. Ұлымды құтқаруым керек. Әрине, біркелкі аяймын. Бірақ қазір құлқым жоқ. Оны құтқаруым керек. Ұлымды өмір бойына қамаса, немерелеріме кім қарайды? Үйге қайғы әкелген немерелердің маған қажеті қанша?

Сот өңірдегі денсаулық сақтау басқармасы мен полиция департаментіне қатысты да қаулы шығарды. Бала өліміне аталмыш мекемелер тарапынан бақылаудың болмауы да себеп деп көрсетілген. Ал өмір бойына бас бостандығынан айрылған әке сот үкімімен келіспей отыр. Алда апелляциялық шағым түсірмек ойы бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

26 қазан

25 қазан

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде