{metadescription}
Қайназар тұрғындары кірпіш зауыттарын көшіруді талап етті
Қайназар тұрғындары кірпіш зауыттарын көшіруді талап етті

Қайназар тұрғындары кірпіш зауыттарын көшіруді талап етті

Кірпіш зауыттарына түгел қарсы! Алматы облысындағы Қайназар ауылының тұрғындары елдімекен іргесіндегі кәсіпорындарды түгел көшіруді талап етуде. Жұрт сот табалдырығын тоздырып, төрт бірдей өндіріс ошағының біреуін жаптырған. Сот шешімімен тағы бір кірпіш зауытының кептіргіш пеші жақында сүрілді. Тұрғындар енді жұмысы тоқтап тұрған кәсіпорынның қалған бөлігі де бұзылсын дейді.

Бес мыңға жуық адам тұратын Қайназар ауылының іргесінде төрт бірдей кірпіш зауыты бар. Өндіріс ошақтарының зауалын айтып талай жылдан бері қақсап келген қараша, ақыры біреуінің заңсыз салынғанын дәлелдеген. Ол зауыт сот шешімімен бұзылды. Бірақ бұқара қалған үшеуінің де жұмысты тоқтатқанын талап етіп отыр.

Бейсенгүл Байсабекова:

- Кірпіш зауыттары жұмыс істей бастағалы аурусырқай көбейді. Келін, балаларымыздың бәрінде аллергия, астма. Түнде терезені аша алмаймыз, күнде шаң, кір жая алмаймыз. Бақша салудан қалдық. Бүкіл халықты қыра ма, не деген сұмдық! Еститін құлақ бар ма?!

Бір зауытты жауып қуанған қараша екіншісінен де заңбұзушылықтар анықтаған. Дабыл қағып, мұнда да дегеніне жетіпті.

Санитарлық талап бойынша елдімекен мен өндіріс ошағының арасы кемі 500 метр болуға тиіс. Алайда кәсіпкер бұл ережені елемей, ауылдың дәл іргесінен кірпіш күйдіретін зауыт салған. Тұрғындар ұзақ жылдан бері шулап жүріп, ақыры зауыттың кептіргіш пеші өткен аптада сүрілген. Енді ашулы ағайын осы аумақта орналасқан барлық нысанның көзін құртуын талап етеді.

Зауыттың жұмысы қазір тоқтап тұр. Бірақ бұқара кәсібін дөңгелетіп отырған азамат сот қаулысын орындамай, созбалаңға салуы мүмкін деп қауіптенеді. Осы кәсіпорынның бір бөлігінің күреліп жатқан сәті желіге жарияланған. Видеоны түсіріп жүрген жігіт «еңбегім еш кетті» деп жылап, жалпақ жұртқа өкпесін айтқан. Видеоны талай адам бөлісіп, қандас кәсіпкерді қолдау керек деген жазба қалдырған. Солардың қатарында мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев та бар.

Темірхан Жаңабаев:

- Бұзып жатқан кезде өзін құтты бір зардап шеккендей әлеуметтік желіге таратып отыр. Сөйтіп халықтың арасында түсініспеушік болып жатыр. Кейбір депутаттар «неге үкімет оралман бауырымызды ренжітіп жатыр» деп отыр. Негізі үкіметтің еш қатысы жоқ. Бұл халық талабы.

Нұржан Қалиев:

- Дәулет Мұқаев сынды мемлекеттік қызметкерлер мен кейбір блогер біржақты видеоны тарату арқылы өте нәзік мәселені қозғап отыр. «Өзге ұлтқа күшің жетпей, өз қазақтарыңа жетіп отыр ма» деген тақырыпты қозғап, қиын жағдайға себеп болуы мүмкін.

Ауыл жұртының айтуынша, тек пайда табуды ойлайтын кәсіпкерлер тауды оңды-солды қопарып, төрт-түліктің жайылымын тарылтқан. Ал әкімдіктегілер тұрғындардың арыз-шағымын тиісті басқармаға жеткіздік деп сендірді.

Руслан Қыдырқожаев, Рахат ауыл округі әкімінің орынбасары:

- Сәулет және құрылыс бөлімі бар ауылда. Сол бөлімге жеткізілген. Содан кейін ол кісілердің өз басқармасы бар, облыстық. Сол басқармаға жеткізген. ГАСК дейді. Басқарма тарапынан сотқа шағымданған. Соттан қанағаттандыруын алды. Шешім орындалды.

Қайназар ауылында экология ахуалы ушықты деген қараша қалған екі кірпіш зауытының да жабылғанын қалайды. «Бәрін заң шеңберінде шешеміз» деген бұқара тағы екі сотқа дайындалып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.