{metadescription}
Samsung екі бірдей керемет телефонмен таныстырды – Z Fold5 және Z Flip5
Samsung екі бірдей керемет телефонмен таныстырды – Z Fold5 және Z Flip5

Samsung екі бірдей керемет телефонмен таныстырды – Z Fold5 және Z Flip5

Samsung компаниясы екі бірдей су жаңа теңдесіз телефонмен таныстырды. Соңғы үлгідегі Z Fold пен Z Flip сериясындағы смартфон сан-түрлі функциясымен ерекше. Суреттері әлдеқайда сапалы әрі көлемі шағын – қалтаға емін-еркін сияды.

Жаңа технология саласының саңлағы – Samsung компаниясының Сеулдегі таныстырылымында телефонның артықшылықтары көрсетілді.

Осыған дейін «Самсунг» компаниясы жаңа смартфонның таныстырылымын әлемнің түпкір-түпкірінде өткізсе, биыл алғаш рет өз елінде – Сеул қаласында болды. Неге екені де белгілі. Galaxy Z Flip5 пен Galaxy Z Fold5 кез келген адамның таңдайын қақтырады.

Ту Мун Ро, Samsung Electronics компаниясының mobile Experience business бөлімшесінің президенті:

- Мен өмір бойы инженер болып жұмыс істедім. Сондықтан біз нәтижеге ешқашан қанағаттанбаймыз деп айта аламын. Стиль мен инновацияға ұмтыламыз. Дизайны әдемі бола тұра, өте берік. Жоғары өнімділікті қамтитын аккумулятор. Сондайақ премиум құрылғыға сәйкес келетін жетілдірілген камера.

Galaxy Z Flip5-тің экраны бұл жолы әлдеқайда үлкен. Диагоналі 3,4 дюйм. Смартфон арқылы суреттеріңіз де сапалы әрі кез келген бейнені ләззат алып тұрып тамашалайсыз. Өйткені бейненің тұнықтығы 720 д 748.

Galaxy Z Fold5 алдыңғы буынға қарағанда жұқарақ. Бүктелген күйінде небәрі 13,4 миллиметр. Салмағы 10 граммға жеңіл Көлемінің шағындылығына қарамастан, сақтау жадысы – 1 террабайт.

Оуоса, Samsung Electronics компаниясының амбассадоры (Лондон):

- Бұл модельдердің басты артықшылығы – өте жұқа әрі тегіс. Әйелдердің сөмкесіне емінеркін сыйып кетеді. Менің ойымша, бұл сәнге қызығатын адамдарға дөп келеді. Жүріп бара жатқан жеріңізден қалтаңыздан суырып аласыз. Маған смартфондардың экраны мен камерасы да ұнады.

Су жаңа смартфондарды елімізде 18 тамыздан бастап сатып алуға болады. Қазір алдын ала Galaxy Z Fold 5-ке тапсырыс берсеңіз, 512 гигабайт ішкі жадыны, сондай-ақ Galaxy Watch5 Pro флагман смарт сағатын сыйлыққа аласыз.

Galaxy Z Flip5-ке алдын ала тапсырыс бергендерге 512 гигабайт екі есе арзанырақ болады және бонус ретінде-Galaxy buds2 Pro сымсыз құлаққап беріледі. Ресми Samsung интернет-дүкенінде және серіктестер де бөліп төлеуіне болады. Сондай-ақ Fold5-ті барынша тиімді сатып алуға болатын trade-in бағдарламасы бар. Әрі Galaxy жиналмалы құрылғыларының жаңа сериясына Қазақстанда жыл бойы дисплей ауыстыру немесе жөндеуге Samsung Care сервисі – ашық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде