{metadescription}
СҚО-да төрт жұмысшы кәріз құдығында уланып өлді
СҚО-да төрт жұмысшы кәріз құдығында уланып өлді

СҚО-да төрт жұмысшы кәріз құдығында уланып өлді

Солтүстік Қазақстан облысында төрт адам кәріз құдығында уланып өлді. Шошқа фермасының жұмысшылары қалдық су жиналатын шұңқырды тазалауға түскен. Алайда құдықтағы нәжістің иісіне уланып, төртеуі де тіл тартпай кетті.

Қайғылы жағдай Тайынша ауданындағы EMC AGRO компаниясында болды. Төрт жұмысшы Новоивановка ауылындағы талпақ танау бордақылайтын кешеннің кәріз құдығын тазартуға түскен. Олардың сол күйі сыртқа шықпағанын ешкім дер кезінде аңғармапты. Тек кешкі аусым аяқталған кезде жұмысшыларды іздестіре бастайды. Төртеуі де тереңдігі сегіз метр кәріз құдығының түбінде тұншығып өлген. Марқұмдардың ең үлкені 57 жаста, кішісі 23-те. Қауіпсіздік шараларының сақталмауына байланысты кешен басшыларынан бастап түгел тергеліп жатыр. Тәртіп сақшыларынан бөлек, еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті де арнайы комиссия құрып тексеретін болады.

Нұрбек Баекин, СҚО ПД баспасөз қызметінің қызметкері:

- Жұмысшылар кәріз құдығын тазалу кезінде иістен уланған. Олардың денесі сотмедициналық сараптамаға жіберілді. Аталған факт ҚР ҚК 156-бабының 4-бөлігі – еңбекті қорғау қағидаларын бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру біріңғай тізіміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қазан

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде