{metadescription}
Астық өндірушілерді Ресей импорты алаңдатып отыр
Астық өндірушілерді Ресей импорты алаңдатып отыр

Астық өндірушілерді Ресей импорты алаңдатып отыр

Астық өндірушілерді Ресей импорты алаңдатып отыр. Көрші елден Қазақстанға жыл сайын шамамен 3 миллион тоннадай дәнді дақыл әкелінеді. Шамамен осынша көлемде астығымыз сатылмай, диқандар 284 миллиард табысынан қағылған.

Қазақстан астық одағы ұйымдастырған жиында шаруалар «биыл бұлай болмаса екен» деп тілегін айтты.

Сарапшылардың болжамынша, былтыр елге 1 жарым, 2 миллион тонна бидай құжатсыз тасымалданған. Яғни Ресейден көлікке тиеліп, ел аумағына кіреді. Сосын ешқандай салық,транзит тарифін төлемей-ақ, қазақстандық элеваторлардан шыққан астық үшінші елдерге арзан бағамен экспортталады екен. Ал жергілікті диқандардың өнімі қымбат әрі өтімсіз болып қалады. Сәуірде осы кәсіпкерлердің талабымен Ресейден көлікпен бидай тасымалдауға жарты жылға тыйым салынған. Еуразиялық одақтың келісімі аясында Қазақстанның алты айдан артық шектеуге рұқсаты жоқ. Ал темір жолмен заңсыз тасымалдау қиын болғандықтан, бұл бағытта тыйым салынбады. Қазақстан астық одағы мәселені шешу үшін енді ұн мен жем өндірушілер, мал және құс шаруашылығымен айналысатын мекемелерге ғана импорттауға құқық беруді сұрап отыр.

Қазыбек Омаров, Қазақстан астық одағының ресми өкілі:

- Ұсыныс жасадық. Тек сол бидайды Қазақстан аумағында өңдейтін немесе тұтынатын мекемелер ғана импорттау керек. Өзі тұтынатын мекемелер, нан шығаратын, жем шығаратын, мал шаруашылығы, тауық шаруашылығы дегендей, спирт өндіре ме, өзі тұтынатын мекемелер ғана импорттаса. Ол біздің нанның, жемнің бағасына әсер етпейді.Ауыл шаруашылығын қолдамасақ, ол бизнесті көптеп тастап кететін болса, біз өзіміздің азықтүлік тәуелсіздігімізден айырылып қалуымыз мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қазан

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде