{metadescription}
Қылмыстық топ «Қазфосфат» тыңайтқышын төрт ай бойы ұрлаған
Қылмыстық топ «Қазфосфат» тыңайтқышын төрт ай бойы ұрлаған

Қылмыстық топ «Қазфосфат» тыңайтқышын төрт ай бойы ұрлаған

Жамбыл облысында «Қазфосфат» зауытының тыңайтқышын төрт ай бойы ұрлап келген қылмыстық топ ұсталды. Шикізат ұрлығын жергілікті кәсіпорын емес, өзбекстандық тапсырыс берушілер байқаған.

Жеті адамнан құралған топ вагонға тиелген тыңайтқыштарды қап-қабымен білдіртпей түсіріп отырған. Кейіннен қабылдап алушы тарап тауардың аз екенін байқап, желі полициясына арызданыпты. Тексеріс жүргізген сақшылар бұл іске қатысы бар дегендердің біреуін қалдырмай күдікті деп тапты. Бәрінің жасы 30-35 аралығында. Айласын асырып келгендердің екеуі аталмыш зауытта істейтін күзетші болып шықты. Тінткен кезде алты тоннаға жуық аммафос тыңайтқышы мен екі жүк көлігі тәркіленді. Кәсіпорынға келген шығын көлемі 80 миллион теңгеге бағаланып отыр.

Мейірхан Естемес, Жамбыл облысы көліктегі полиция департаменті бөлім басшысының орынбасары:

- Зауыттан вагон жөнелтілген кезде ол жердегі вагондарға тауар мөрін салып өткізіледі. Мөрді мамандандырылған адамдар аршып, ішіндегі жүкті алып, қайта салып отырған. Үш күдікті үй қамағында отыр. Қалғандарына қатысты шара әлі қолданылып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қазан

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде