{metadescription}
Төтенше жағдай: Степногорда орталық су құбыры елу жерден жарылған
Төтенше жағдай: Степногорда орталық су құбыры елу жерден жарылған

Төтенше жағдай: Степногорда орталық су құбыры елу жерден жарылған

Ақмола облысының Степногор қаласында төтенше жағдай жарияланды – шағын шаһардағы орталық су құбыры екі күнде елу жерінен жарылған. Коммуналдық апаттан 400-дей абонент сусыз қалды. Қазір «Степногорск су арнасы» ақауды қалпына келтіріп жатыр. Ал 90 пайызы тозып кеткен 36 шақырымдық магистралдің кей бөлігі жамап-жасқауға келмейді екен. Жергілікті әкімдік құбырды жаңалауға қаражат жоқ деп отыр.

Тозығы жеткен құбырлар анда-санда әр жерден жарылып, су атқылағанына тұрғындардың еті үйренген. Бірақ соңғы екі күнде орталық магистральдің елу жерінен ақау шығады деп ешкім ойламаса керек. Сілеті су қоймасынан Степногор қаласына тартылған орталық құбырдың бір жерін жамаса, екіншісі жарылып, коммуналшыларды әбігерге салып жатыр.

Қазір магистральді жөндеу күні-түні жүріп жатыр. Қалаға су жеткізетін негізгі құбыр 2008 жылы жаңа тартылған. Бірақ кей жері 90 пайыз жарамсыз болып қалған.

Сырттағы құбыр шұрық-тесік жарылып жатқанда, шағын бір аудан жұрты ауыз сусыз қалған. Дәл бүгін су бар, бірақ қысым болмағандықтан жоғарғы қабаттарға жетпей жатыр. Суға жарымаған жұрт көршілерден сұраймыз, болмаса, күтіп отырып жинап аламыз дейді.

Дәметкен Ташмағамбетова:

- Су мүлдем ақпай қалады. Осылай жинап қоямыз. Үш күн мүлдем болмады. Шама келгенше жинаймыз. Бірекі күнге шыдамайды, борсып кете ме, көгеріп кете ме, бірдеңе болып кетеді.

Коммуналдық апат жақын арада жойылады дейді қала басшылары. Ол үшін шұрық-тесік болған бір шақырым құбыр ауыстырылады. Ал қалған 35 шақырымды жаңалауға қыруар қаражат қажет.

Алпысбай Қайыржанов, Степногор әкімі:

- Биыл ПЗД шықты. Тоғызда 2 миллиард теңге. Біз неге қарастыруға жібереміз, неге басқармаға, ары қарай республикаға, мынаны жөндеу үшін? Жөндеп, құбырын ауыстырып, қысқа кіреміз. Қыстада осылай жарылса, амал жоқ, жұмыс істейміз.

36 шақырымды жаңалап магистралді жөндеуге қаржыны әлі қарастырып жатыр екен. Соған қарағанда су құбыры келер жылы жөнделуі мүмкін. Дәл қазір степногорлықтарға оңай болмай тұр. Жылу орталығында да күрделі жөндеу мамыр айында басталған. Қала ішіндегі жылу желісі де астаң-кестең қопарылып жөнделіп жатыр. Сондықтан бірнеше шағынауданда бірнеше айдан бері ыстық су да жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қазан

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде