{metadescription}
Өркениеттен жұрдай Ынтымақ ауылынан жұрт үдере көшіп жатыр – Түркістан облысы
Өркениеттен жұрдай Ынтымақ ауылынан жұрт үдере көшіп жатыр – Түркістан облысы

Өркениеттен жұрдай Ынтымақ ауылынан жұрт үдере көшіп жатыр – Түркістан облысы

Түркістан облысындағы Ынтымақ ауылынан жұрт үдере көшіп жатыр. Бұл жерде тұру өте қауіпті дейді тұрғындар. Үп еткен жел тұрып, жауын жауса, елдімекен қара түнекте қалады. Электр бағаналары қисайып, тоқ жүретін желілер өрмекшінің торындай қолсозым жерде шұбатылып жатыр.

Ал асфальт көрмеген жолдарға халық өзі ақша жинап, тас төсеуден шаршаған Мәселені сан мәрте көтеріп ауыл мен аудан түгілі, облысқа жазған арызға да ешкім құлақ аспай отыр дейді жиналғандар. Сондықтан өркениеттен жұрдай, ал өмір сүруге қолайсыз ауылда адам қалмай бара жатыр.

Ынтымақ ауылында тек егде жастағы тұрғындар ғана қалған. Жастар бұл жерде тұру қауіпті деп, өзге өңірлерге қоныс аударған. Мұнда өмір сүруге қолайсыз екенін құлауға шақ қалған электр бағаналарынан-ақ байқауға болады. Сымы төбеңде өрмекшінің торындай шұбатылып тұр. Ал қоршауы болмақ түгілі, ашық-шашық трансформатор түбінде балақайлар емін-еркін ойнап жүр. Тұрғындар жыл он екі ай үреймен өмір сүреміз дейді.

Анарбай Сыдықов:

- Сен енді келіп қорқып тұрсың, енді көріп тұрсың. Біз осыны қысыжазы көреміз. Шамалы жаңбырда бағаналардан жарқырап от шығады, Сымдардың бәрі салбырап тұр. Бір-біріне тиіп от шыққан кезде, зәрең ұшып, үйімізге от түсе ме деп, қатты қауіпте отырамыз.

Ал кейбір жерде электр желілері қол созым жерде тұр. Оны бағаналардың басына шығарып ілу де тұрғындардың өз мойнында. Жарық бір өшсе, бірнеше тәулікке жоғалады. Онымен бірге электрге тәуелді ауыз су да жоқ. Ал жазда шаңы шығып, күз бен көктемде балшығы бітпейтін жолға жұрт өзі тас төсеу үшін жиі ақша жинаймыз дейді. Сондықтан ауылдан кеткісі келетіндер өте көп екен.

Айнақыз Жандарбаева:

- Ауылға жастар көп келіп жатыр, келеді де, ауылдың жағдайы жоқ, болмайды. Міне, сатылады деген үй көп. Салып-салып, кіріп, қайтадан сатып кетіп жатыр. Мектебіміздің де жағдайы онша емес. Содан кейін ол мәселе де бар.

Ынтымақ ауылына аудан түгілі, ауылдың әкімі бас сұқпайды екен. Бірнеше мәрте жергілікті шенеуніктерден бастап облыс әкімдігіне дейін хат жазғанымен, жауап болмаған.

Жұмабай Құлжанов:

- Облыс әкімі Темірланға келді өткенде. Ауыл мәселесін айтуға бардым. Барып едім, ол жерде тоқтатып, «кейін кіресіз» деп, арғы жаққа апарып, полициға отырғызып қойды. «Өзіміз айтамыз», «кейін шығарамыз» деп. Сол жерде екіүш сағат қамалып отырдық. Ана кісілер, облыс әкімі кеткеннен кейін, кейін шығарды. Үйге келдік, басқа қайда барамын? Ешкіммен кездестірген жоқ.

Бұл жолы Ынтымақ жұрты көруге ынтық боп жүрген ауыл әкімі мен аудандағы ақ жағалылар ауылға өздері келді. Жұрт қуанғаны соншалық, шашу шашып күтіп алды. Десе де, сонша күткен шенеуніктер халықты жауабымен қуантқан жоқ. Қаржы жоқ екенін айтып, бірер жылда мәселе шешілмейді деп кесіп айтты.

Асқар Балабиев, Ордабасы ауданы ТКШ бөлімі басшысының орынбасары:

- 2025 жылға дейін құрылысты аяқтауға жоспар бар. Электр желілерін толық жаңарту, тас көшелерді асфальттау. Кезеңкезеңімен, ююджеттің мүмкіндігіне қарай. 2027 жылға дейін бәрін бітіру жоспары бар.

Биыл қыркүйек айында ауыл ішіндегі үш шақырым жолына асфальт төселеді. Оған 41 милллион теңге бөлініпіті. Тағы 5 миллион теңгеге кейбір көшеге тас төселмекші. «Бұған да шүкір» деген тұрғындар биыл жолға ақша шығармайтын болдық деп, мәз болып тарқасты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қазан

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде