Аланияда жол апатына ұшырап, ауруханада жатқан тағы бір отандасымыз көз жұмды
Түркияда тағы бір турист ажал құшты. Бес күн бұрын Аланияда жол апатына ұшырап ауруханада ауыр халде жатқан екінші отандасымыздың да сол күйі беті бері қарамады. Қазір сыртқы істер министрлігі марқұмның денесін елімізге жеткізумен айналысып жатыр.
Автор: Салтанат Шырынхан
03.08.2023
Сол апатта қаза тапқан тағы бір адамның денесі елге жеткізілген. Қайғылы жағдай 30 шілде күні болды. Алания қаласында жол апатына ұшыраған шағын автобуста 12 отандасымыз отырған. Олар туристік қаланың көрнекті жерлерін аралау үшін жолға шыққан. Қатты жылдамдықпен жүйткіген автобус тоқтай алмай, жүк көлігіне соғылады. Соның слдарынан бір отандасымыз сол күні ауруханаға жеткен бойда жан тапсырды. Бүгінде апаттан зардап шеккен алты жерлесіміз елге оралған. Төртеуі сондағы ауруханада емделіп жатыр дейді сыртқы істер министрлігіндегілер.
Ерлан Жетібаев, ҚР СІМ Коммуникация департаменті директорының орынбасары:
- Түрік дәрігерлерінің ақпаратына сәйкес, өкінішке қарай, кеше түнде тағы бір Қазақстан азаматы Алания мемлекеттік емханасында қайтыс болды. Қайтыс болған азаматымыздың туыстары емханада, оларға қажет көмек көрсетілуде. Құжаттарды рәсімдегеннен кейін, оның денесі Қазақстанға жіберіледі. Бұған дейін қайтыс болған жерлесіміздің денесі Қазақстанға жеткізілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!