Ақтөбеде тапшы автогазды тек талонмен бере бастаған
Ақтөбеде автогаз тапшы. Жүргізушілер көлікке құятын көгілдір отын іздеп қала кезіп жүр. Себебі көптеген бекет автогазды тек талонмен ғана бере бастаған.
Автор: Жаңалық Ахаш
03.08.2023
Дәулеткерей Амангелді:
- Газдың ортасында тұрамыз. Енді мынадай бітпейтін проблема болып жатыр. Бір аптадан уақыт өтті. Газ жоқ, шаршадық. Жоқтықтың кесірінен осында тұрғанда қаншама жанарамай жағып, осы жерде өртейді. Кешкі сағат бес жарымнан тоғыз жарымға дейін кептеліс.
Ақтөбе қаласы бойынша автогаз тек санаулы бекетте бар. Бірақ онда ұзын-сонар кезек. Жүргізушілер таң атысымен сағаттап күтуге мәжбүр. Ал қалған бекеттердің көбі қоймаға газ келгенше жұмысын тоқтатса, қалғаны тек талонмен таратып жатыр.
Өңірдегі көліктің жартысынан астамы автогазбен жүреді. Энергетика басқармасындағылар айына кем дегенде 14 мың тонна отын отын керек деп отыр. Осы айда министрлік Ақтөбе облысына 12 мыңдай ғана газ бөлген. Қосымша тағы мың тоннадан асатын автогаз беруге келісіпті. Бірақ оның өзі сұранысты толық қамтымайды. Сондықтан алдағы уақытта да тапшы болады дейді жергілікті шенеуніктер.
Нұртай Сертаев, Ақтөбе облысы энергетика басқармасы басшысының орынбасары:
- Айдың соңында таусылады. Енді келісімшарттар бар құрылатын. Сосын график бар. Соған байланысты айдың соңы мен айдың басында тапшы болып қалады. Ол дұрысталатын нәрсе.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!