Жамбылда мектептерге жауапты құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды
Жамбылда қос ауылдың мектебін жөндеуді мойнына алып, оны аяқсыз қалдырған құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды. Мердігердің жауапсыздығынан Қарақат ауылындағы 130 бала бір ай бойы көрші ауылға ағылса, Құлан ауылындағы 800 оқушы екі ай колледж ғимаратында білім алған.
Автор: Шерхан Абзалұлы
03.08.2023
Облыстық сәулет-құрылыс бақылау басқармасы «ЭРК Астана» компанипясының жұмысынан бірнеше кемшілік тапқан. Мердігер Жуалы ауданындағы 149 орындық Мәдениет үйінің құрылысын сапасыз жүргізгені үшін мемлекеттік сатып алуға қатысу құқығынан шеттетілді.
Ал өткен жылы Тұрар Рысқұлов ауданындағы екі бірдей мектептің күрделі жөндеуін жаңа оқу жылына дейін бітіруі керек болған. Алайда жылға жуық уақыт өтсе де, құрылыс аяқталмаған. Соған қарамастан аудандық білім бөлімі әлі қабылданбаған нысанда оқушыларды оқытқан.
Майра Базарова, Т. Рысқұлов ауданы білім бөлімінің басшысы:
- Бұл жерде екі мектепте де бейнебақылау мен өрт сөндіргіш дабыл қаққыш жоқ. Сол себептен аудан әкімдіктері бұл жұмысты қабылдаған жоқ. Қазір бейнебақылау мен өрт сөндіргіш дабыл қаққыштарына қосымша қаражат бөлінді, соған мемлекеттік сатып алу жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!