Автокөліктің техбайқау құжаты сандық форматқа көшіріледі
Техникалық байқау құжаты да цифрландырылады. Енді жүргізушілер аталмыш құжаттың қағаз нұсқасын өзімен алып жүрмесе де болады. Цифрлық құжаттың заңды күші қағаз жүзіндегі нұсқасымен бірдей.
Автор: Ажан Шамшидин
03.08.2023
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автокөліктің техникалық байқаудан өткенін растайтын құжатты сандық форматқа көшірумен айналысып жатыр. Техникалық байқаудың диагностикалық картасы электронды үкіметтің мобильді қосымшасының жеке кабинетінде сақталатын болады. Бұл қызметтің пилот нұсқасы EgovMobile платформасында 1 қыркүйектен бастап іске қосылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!