Аптап ыстықта Жамбыл облысындағы таулы аймақ өртеніп жатыр
Жамбыл облысында аптап ыстықтан таулы аймақ өртеніп жатыр. Тілсіз жау Меркі ауданындағы 200 гектар аумақты шарпыған. Қызыл жалынды ауыздықтауға тікұшақтар тартылуда.
Автор: Шерхан Абзалұлы
03.08.2023
Өрт кеше түс ауа басталған. Ақтоған ауылынан 20 шақырым жерде қураған шөп жанып жатыр. Оны өшіруге 161 адам, 24 техника, 2 ұшақ пен бір тікұшақ жұмылдырылды. Таулы аймақ болғандықтан, өрт ошағына техниканың баруы қиындаған. Сондықтан кешелі бері жалын шарпыған аумаққа әуеден 11 мәрте су шашылды. Бірақ өрттің тоқтайтын түрі жоқ.
Ералы Ақылбеков, Жамбыл облысы ТЖД бастығының орынбасары:
- Бір тікұшақ, 2 «АН2» су шашып жатыр. Қиыны, жел соғып тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!