{metadescription}
Ақтөбеде салымшылар құрылыс компаниясынан ақшасын қайтара алмай жүр
Ақтөбеде салымшылар құрылыс компаниясынан ақшасын қайтара алмай жүр

Ақтөбеде салымшылар құрылыс компаниясынан ақшасын қайтара алмай жүр

Ақтөбелік салымшылар құрылыс компаниясынан өз ақшасын қайтара алмай жүр. Себебі, құрылыс жұмысы төрт жыл бұрын тоқтаған кешеннің бүгін-ертең бітер түрі жоқ. Сондықтан баспаналы боламыз деп ақша салған үлескерлер «үмітімізді біржола үздік» дейді.

Тіпті қаржыны қайтарып беру туралы сот шешімі шығып, тәртіп сақшылары іс қозғаса да, құрылыс компаниясы салымшы тартуды тоқтатар емес.

Ақтөбе шетіндегі үш ғимараттан тұратын «Аружан» деген кешеннің құрылысы үш жыл бұрын бітуі тиіс еді. Қазір бір үйдің жартысы ғана салынып, қалған қос үйдің іргетасы да құйылмаған. Баспана алудан үміттеніп миллиондарын салғандар енді күнара құрылыс компаниясының есігін қағып сенделіп жүр.

Бердімұрат Тұрмағанбетов:

- Екі жарым миллион теңге салдым. Үш жыл болды, күнде есігін тоздырумен жүрміз. Тіпті ұят кеткен. Себебі, күнде келеміз. Күнде ертең, күнде ертең. Осы уақытқа дейін үй де жоқ, ақшамыз да жоқ. Осы уақытқа дейін біздің ақшамызды иеленіп пайдаланды, шаруаны шешкен жоқ.

Үйден үмітін үзгендер құрылысқа жауапты «Акзам Строй Сервис» компаниясын сотқа да берген. Полицияға алаяқтық бойынша арыз түсірген салымшылар да бар. Көбісі «ақшамызды қайтарып берсін» деп талап қойып отыр.

Ләззат Дүйсенғалиева:

- 2023 жылы арыз жазып, сот үкімін де алдық. Оған да қарамай, әлі ақшамызды ала алмай отырмыз. Өзім 5 миллион 580 мың салғанмын. Тек өзімнің жинаған ақшамды қайтарып берсе болды. Үйі енді керек емес. Ақшамды берсе болды.

Ал құрылыс компаниясындағылар сот шешімі мен тергеу барысына қарамастан әлі салымшылар тартып жатыр. Тіпті кешен құрылысын «бір айдың ішінде бітіреміз» деп, орындалмайтын уәде беруде.

Азамат Нұрышов, құрылыс компаниясының өкілі:

- Құрылыс қазір тоқтап тұр. Өткен айда төртінші қабаттың құрылыс материалдарын жеткіздік. Сотқа бергендерге байланысты процес жүріп жатыр. Қыркүйектің соңында үйді салып бітіреміз. Ал қаржысын кері сұрағандардың ақшасын жыл соңына дейін қайтарамыз.

Салымшылар бұл сөзге мүлдем сенбейді. Төрт жылға таяу небәрі бір үйдің үш қабатын ғана көтерген компания бір айда ештеңені қарық қылмайды деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қазан

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде