{metadescription}
Маңғыстаудағы Батыр ауылының жұрты ауаға ақша төлеп отыр
Маңғыстаудағы Батыр ауылының жұрты ауаға ақша төлеп отыр

Маңғыстаудағы Батыр ауылының жұрты ауаға ақша төлеп отыр

Маңғыстаудағы Батыр ауылының жұрты ауаға ақша төлеп отыр. Себебі, бес жыл бұрын мұнда су құбырын жүргізіп, аптасына екі мәрте су келуі керек болған. Бірақ соңғы үш жыл бойы бір тамшы су тамбаған.

Біресе қысым жетпейді, не жөндеп жатырмыз деп сылтауратқанымен, тұрғындарға тұтынбаған судың төлемі ай сайын келеді екен. Аптап ыстықта ерні кезерген елдің жайын КТК тілшсі көріп қайтты.

Батыр ауылының жұрты бес жыл бұрын су құбырын тартқанда бөркін аспанға атқан. Бірақ, екі жыл ғана аққан су зым-зия жоғалған. Есесіне тұтынбаған судың төлемі ай сайын, бір күнге де кешікпей келеді. Оның өзінде әркімге әрқалай. Мысалы, бір отбасы мың жарым теңге төлесе, келесі үйден үш мың теңге төлемақы талап ететін көрінеді.

- Ауамен айналады, есептегіште, алмаған суымызға, ауаға ақша төлеп отырмыз. «Маңғыстау жылуға барсаң, «бәрібіз төлеу керек, міндетті деп айтады. Әне, есептегіш құрал су келгенде ауамен айналады.

Тұрғындар су жоқ дегенге сенбейді. Себебі, жауапты мамандар мен аудандағы шенеуніктер судың жеткілікті екенін үнемі айтады екен. Ал су таситын көліктер судың төрт текше метріне 10 мың теңге алады екен. Сондықтан тұрғындар бұл қолдан жасалып жатқан тапшылық деп отыр.

Құндыз Әжібаева:

- Су таситын көлікке күніміз қарап отыр. Құбырда су жоқ. Айтсақ, не Каспий, не «Маңғыстау жылу», не су тартатындар кінәлі дейді. Керек деген тиегін де алып қойдық. телеарнадан келді, рахмет сіздерге, күшіңіз бар екен, бізге су ертең келеді дейді, екінші күні.

Шөліркеген жұрт жаппай шулаған соң, уәдені үйіп-төккен шенеуніктер де жетіп келді. Қаумалаған ел оларды сұрақты астына алды.

- Өткенде, мамыр айында жиналыс болды. Облыс әкімінің қатысуымен. Аудан әкімі бар, Күмісқалиев мырза мамырда бүкіл проблема шешіледі, құбырмен су келеді. Су қайда?! Халық суды көлікпен тасып жүр. Біреуінің қалтасы көтерсе, біреуінікі көтермейді. Ешқандай су жоқ!

Шенеуніктер Мұнайлы ауданында жазда су мәселесі күрт қиындайтынын айтады. Толық қажетті өтеуге 22 мың текше метр су қажет болса, қазір оның жартысынан астамы ғана келіп жатыр. Әзірге осыған қанағат етуден басқа амал жоқ деп отыр.

Нұрхан Мұстафаев, Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары:

- Суды, жалпы «Каспий су» тұщы су зауытынан алынады. Осы күнге дейін 8 мың мен 10 мың текше метр аралығында алып келдік. 20 шілдеден бастап ауданда берілетін су көлемі 14 мыңға көбейтілді. Батыр ауылына құбырмен беріп отырғанбыз, осыған дейін, құбырдан аз келуіне байланысты бере алмай қалдық. Енді 14 мың текше метрді жеті ауылға бөліп беріп жатырмыз.

Жауапты басшылар осы аптадан қалмай, суды кестеге сәйкес, яғни жетісіне екі күн береміз деп ант-су ішті. Бірақ, «мұндай уәдені соңғы үш жылда түрлі басшыдан естідік» деген жұрт суға жауаптылар мен суды сатып көл-көсір пайдаға кенелгендерді тексерсін деген талап қойды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде