{metadescription}
Қаскелеңде жүздеген саяжай бар суды жарата алмай отыр
Қаскелеңде жүздеген саяжай бар суды жарата алмай отыр

Қаскелеңде жүздеген саяжай бар суды жарата алмай отыр

Алматы облысының Қаскелең қаласында жүздеген саяжайшы бар судың өзіне жарымай отыр. Себеп: саяжай кооперативінің төрағасымен арадағы кикілжің. Үйге су айдайтын станцияны меншіктеп алған ол, суды көңілінен шыққандарға ғана таңдап береді дейді тұрғындар. Ал төрағаның бұған айтар өз уәжі бар.

Евгений Бреусов «Еңбек-2» саяжайында тұрып жатқанына талай жыл болған. Судың жыры өткен айда басталды дейді ол. Бау-бақша өз алдына, жаңадан бастаған жөндеу жұмысы да судың жоқтығынан тоқтап тұр. Ал ішерге суды дүкеннен сатып алады.

Евгений Бреусов:

- Жай ғана шай қойып ішуге дүкеннен су сатып алып отырмыз. Аяғы ауыр әйелім бар. Судың жоқтығы оған қатты ыңғайсыздық тудырып отыр. Үйіміздегі жөндеу де судың болмауынан тоқтап қалды. 21 ғасырда бұлай тұру мүмкін емес, бұл сұмдық!

«Еңбек» саяжайының тұрғындары қазір жік-жікке бөлінген. Бірі кооперативтің жаңа басшысының жағында. Оларда ешқандай арыз-шағым жоқ. Ал төрағамен келіспегендері суға ақы төлеуден де бас тартып отыр. Өйткені мұны заңсыз деп санайды.

Сейдолла Кенжеев:

- Расул мен Амина апай екеуі халықты бөліп, күшпен өзіне кіргізіп, төлемді соларға төлеу керек деп отыр. Қанша пайда көріп отырғаны белгісіз. Пайда болмаса, бұлай бірбірін жұлмайды. Бізге, халыққа су керек. Біз, екінші учаске, жарыққа 31 теңгеден төлейміз. Соның ішіне су да, бәрі кіреді.

Ал төрағаның өз уәжі бар. Мұндағы су құбыры ескіріп, екі күннің бірінде жамау керек. Ал оның ақысыз жасалмайтыны түсінікті. «Төлемесе болмайды» - дейді төраға.

Руслан Қуат, саяжай кооперативінің төрағасы:

- Бұларда касса аппараты жоқ. Ал бізде бәрін есептеп бөліп отыратын дүние жеткілікті. Төлемақыны ай сайын беріп отырмыз. Құбырға қажет түрлі бөлшек бар. Оны ақшаға сатып аласың. Ал бұл тұрғындар 2012 жылдан бері су алып отыр, бірақ еш қаражат төлемейді.

"Еңбек 2" саяжайында 50 үй бар. Бәрі бау-бақша үшін жүрген жоқ. Қысы-жазы тұрағы осы. Десе де әкімдік "Еңбектің" ауыл статусы болмаған соң, мәселені де саяжайшылар өзара келісіп шешуі керек деп отыр. Сондықтан жікке бөлінген жұртқа ортақ мәмілеге келуден басқа амал жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде