{metadescription}
Жамбыл фосфор зауытының екі жұмысшысы күйіп қалды, біреуінің жағдайы ауыр
Жамбыл фосфор зауытының екі жұмысшысы күйіп қалды, біреуінің жағдайы ауыр

Жамбыл фосфор зауытының екі жұмысшысы күйіп қалды, біреуінің жағдайы ауыр

Жаңа Жамбыл фосфор зауытының қоймасында екі жұмысшы оңбай күйіп қалды. Олардың үстіне фосфор шашыраған. Жарақат алған 26 жастағы жігіт қазір қаладағы ауруханада жатыр. Ал денесінің 22 пайызын күйік шалған 32 жастағы науқастың жағдайы өте ауыр дейді дәрігерлер.

Оқыс жағдай түскі уақытта болды. Танк-контейнерден фосфор алу кезінде кенет химиялық қышқыл шашырап, екі адам зардап шекті. Денесі күйген науқастар дәрігерлердің бақылауында. Қазір аталмыш іске қатысты арнайы комиссия құрылып, жазатайым жағдайдың анық-қанығы тексеріліп жатыр.

Әбілсейіт Ақылбекұлы, Тараз №2 ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Науқастардың жағдайы ауыр. Емдомның бәрі істелініп жатыр. Динамикасы бір қалыпты, бірақ есіне әлі келген жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 қазан

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде