Жамбыл облысында таудағы өрт 300 гектарға тарады
Жамбыл облысының таулы аймағында тұтанған дала өрті бой бермей жатыр. Өрт 300 гектар аумаққа таралып үлгерген.
Автор: Шерхан Абзалұлы
04.08.2023
Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» маңындағы өртті сөндіруге төтенше жағдайлар министрлігінің өзі кірісті. Өйткені екі күн бұрын басталған тілсіз жаудың беті қайтпаған. Сондықтан министрлік оқиға орнына бір тікұшақ жіберіпті. Сондай-ақ өртті сөндіруге қосымша 100-ден астам адам тартылған. Қазір 270 өрт сөндіруші, 36 техника мен үш тікұшақ таулы аймақтағы өртпен арпалысып жатыр.
Жанна Дәуренбекова, ҚР ТЖМ ресми өкілі:
- Күрделі рельеф, жетуі қиын жер және қатты жел өрт сөндіруді қиындатып жжатыр. Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ және ешкім зардап шекпеді. «Казавиорман» күзетінің авиациясы әуеден 18 рет 27-ге жуық тонна су шашты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!