{metadescription}
Қыз алып қашқандар 10 жылға сотталуы мүмкін
Қыз алып қашқандар 10 жылға сотталуы мүмкін

Қыз алып қашқандар 10 жылға сотталуы мүмкін

Қыз алып қашқандар енді 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл бойжеткенді еркінен тыс алып қашқаны үшін жауапкершілікті қатайтатын жаңа бап енгізуді ұсынып отыр.

Құжатқа сәйкес, осындай қылмыстық жолмен отбасылы боламын деп от басқандар "Неке қию мақсатында адам ұрлау" бабымен жазаланады.

Бұған дейін қыз алып қашқандар 4-7 жыл аралығында темір торға тоғытылатын. Ал жаңа түзетулерге сәйкес, қыз алып қашу дерегі тіркелсе болды, уәкілетті орган өкілдері қыздың өзімен жан-жақты сөйлеседі. Қолхаттың өз еркімен жазған-жазбағанын анықтайды. Тіптен жәбірленуші өз еркімен босатқан жағдайда да қылмыскер міндетті түрде заң алдында жауап беретін болады. Омбудсменнің ұсынысын Бас прокуратура қолдаған. Заң енді парламентте қаралады.

Артур Ластаев, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі:

- Некеге тұру үшін қыз ұрлау тәжірибесі, әсіресе оңтүстік аймақтарда жиі кездеседі. Кей жағдайда мұндай әрекет арнамыс пен қадір-қасиетті қорлауға, заңсыз бас бостандығынан айыруға және тіпті өзіне қол жұмсауға әкеп соғады. Сондықтан жазаны қатаңдатқан дұрыс деп санаймын. Көршілес Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан қылмыстық заңнамаларында әйелдерді некеге мәжбүрлеп тұрғызу мақсатында ұрлау туралы жеке бап бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде