{metadescription}
Түркістанда көше жөндеп, аялдама салған 12 компанияның ақшасы тқленбеген
Түркістанда көше жөндеп, аялдама салған 12 компанияның ақшасы тқленбеген

Түркістанда көше жөндеп, аялдама салған 12 компанияның ақшасы тқленбеген

Түркістанда көшелерге тас төсеп, аялдама салған 12 компания ақшасын ала алмай жүр. Құрылыс басқармасы бұл жұмысты әу баста «Базис А» корпорациясына жүктепті. Олар қосалқы мердігер ретінде «Түзу жол» компаниясына тапсырған. Соған жалданып жұмыс істеген 100-ден астам жұмысшы былтырдан бері 130 миллион теңгесін даулап жүр.

Сотқа жүгінейін десе, «Базис А» компаниясының басшылығы араға түсіп, ақшаны өз қалтамыздан төлеп береміз деп уәде берген. Енді сөзінен тайқып кетті дейді жиналғандар.

Бірнеше жылдан бері Түркістанның көшелеріне жол салып, аялдама мен жарық шамвн орнатқан 12 фирма былтырдан бері тақырға отырды. Себебі, көше көркейтуді мойнына алған «Базис А» копорациясы бұл жұмысқа «Түзу жол» компаниясын қосалқы мердігер ретінде жалдаған. Ол 12 фирманың 10-ден астам адамына жұмыс істетіп, былтырдан бері ақша төлемепті.

Ақынғали Мырзағалиев, кәсіпкер:

- Бізге 15 миллион теңге қарыз. Келісімшартымыз бар, кеше жаңалатып келіңіз деді. Жаңарттық. Бірақ ақшамызды ала алмай, басқа адамдарға қарыз болдық. Кезінде барып алғанбыз. Міне, бере тұрыңыздар, сіздерге ертең береміз деп, осы кісілердің әңгімесімен, енді несиемізді төлей алмай жатырмыз.

«Шаш етектен қарызға баттық» деген кәсіпкерлердің есепшоты бұғатталған. Ақшасын даулағандарға «Базис» корпорациясының басшылары қарызды «өзіміз төлеп береміз» деп уәде еткен. Тіпті міндеттеме алып, бәрімен келісімшарт жасасқан. Бірақ уәдесін орындамақ түгілі, телефонға да жауап беруді қойыпты.

Фариджан Төреханов, кәсіпкер:

- «Базис» өзі төлеп береді деп, 20 күн ішінде қағаз дайындайсыздар, үш жақты келісімшарт істейсіздер деген. Біз бәрін төлеп береміз, ал мына есепқисабын өзіміз істеп аламыз, Константинмен деп айтты. Енді ақшамызды ала алмаймыз ба деп қорқамыз. Несиеге кіріп алғанбыз, толған несие, мерзімін өткізіп алдық, салығымыз да бар.

Шыдамы таусылған жұмысшылар бүгін «Базис» компаниясының кеңсесіне кірмек болды. Бірақ күзетшілер жолын бөгеп, қос тарап ерегісіп қалды.

- Мен де жұмыстамын ғой, кіргізбе деді ғой!

- Қалай кіргізбейсіз, кіргізбеуге бәрібір шамаң жетпейді ғой.

Ашулы жұрттан сескенген корпорация өкілдері бәрін ішке кіргізді. Бірақ уәде берген директор орнында жоқ екен. Тек телефон арқылы тілдескен Алтай Ахманов көптің көзінше қарызды мердігердің өзінен сұрасын, мен ешкімге соқыр тиын ұстатпаймын деп сөзінен тайқыды. Ал 12 компанияға жұмыс істетіп, ақшасын бермей жүрген мердігер көшеде жолықты. Ол жұмысшылардың қарызын қайтаратын ақшам жоқ деп отыр.

Константин Муканов, «Түзу жол» компаниясының директоры:

- Біз ақша жоқ екенін айтып, борышкерлерімізге мүлік түрінде алыңыздар деп те ұсынып көрдік. Алғысы келмейді. Тек ақшамызды қайтар дейді. Ал, менде қазір ақша жоқ. Былтырдан бері жүз миллионның үстінде қарызымды бердім. Қазір «Базис» компаниясымен жұмыс істеп жатырмын. Содан ақша түскен соң тағы беремін. Осылайша бес айдың ішінде толық құтыламын.

Мемлекеттен миллиардтаған қаржыға тапсырыс алып, бірақ жұмыс істегендерге көк тиын татырмайтындарға ашуланған жұрт прокуратураға барды. Қарызымызды қадағалаушы орган алып береді деп үмітті. Егер бұдан да нәтиже шықпаса, жұмысшылар өзі істеген аялдамалар мен жолдарды түгел талқандап тастаймыз деп бекініп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде