{metadescription}
Щучьеде 100-ден аса жұмысшы екі жыл бойы жалақысын даулап жүр
Щучьеде 100-ден аса жұмысшы екі жыл бойы жалақысын даулап жүр

Щучьеде 100-ден аса жұмысшы екі жыл бойы жалақысын даулап жүр

Ақмола облысының Щучье қаласында 100-ден аса жұмысшы екі жылдан бері жалақы даулап жүр. «Бурабай жылу» мекемесі салыққа 400 миллион, жұмысшыларына 68 миллион теңге қарыз. Үш жыл ғана жұмыс істеген мекеменің есепшоты да бұғатталған.

Сондықтан әкімдік амал жоқтан жылумен қамтуды басқа компанияға жүктепті. Бірақ одан жағдайдың өзгергені шамалы. Өйткені жаңа серіктестіктің қожайыны да сол «Бурабай жылуды» жауып тынған – Зейнұр Әлібеков деген азамат. Еңбекақысын талап еткен жұмысшылардың мұңын КТК тілшісі тыңдап қайтты.

50 мың тұрғыны бар курортты аймақты жылумен қамтамасыз етіп келген «Бурабай жылу» кәсіпорының жұмысшылары: дәнекерлеуші, слесарь, оператор, пеш жағушы сияқты қарапайым еңбек адамдары. Соңғы екі жылда жарытып жалақы көрмеген. Осы күнге дейін кәсіпорын олардың әрқайсысына 400 мыңнан 6 миллион теңгеге дейін қарыз. Жылдап жалақы алмаған жұрт талай құзырлы органдардың табалдырығын тоздырған.

Владимир Аверин, дәнекерлеуші:

- Маған 1 миллион 800 мың теңге қарыз. Зейнетақы қорыма 800 мың теңге аудармаған. Бір қызығы, жаңа компания бұрынғы кәсіпорынға тұрғындардың жылуға қарызын жинап алды. Ал еңбекақы қарызы қала берді. Өйткені «Бурабай жылуды»сотқа беріп те түк ала алмаймыз. Есепшоты бұғаттаулы, иелігінде ештеңе жоқ.

Сергей Аксененков, жұмысшы:

- Жаңа компания келгенде өзгеріс болады деп қуанып едік.  Аты ғана өзгерген екен. Әлібеков мырза алдымыздан шықты. Әкім жылуды бұрынғы директордың басқа компаниясына беріпті. Көпшілігіміз кетіп қалдық. Алашағымызды берсе дейміз. Жұмысшылардың 80 пайызы қалды. Жұмысты қайдан табады?

Кәсіпорында ұзақ жыл жұмыс істегендер басқа барар жеріміз жоқ дейді. Сондықтан көк тиын көрмей-ақ еңбек етіп жүр екен. «Бәрінен бұрын басшының басынғаны жанымызға батады» - дейді жиналғандар.

Ал жұмысшыларына белшесінен қарыз зейнет жасындағы Зейнұр Әлібеков сұхбат беруден бас тартты. Әкімдіктегілер жұмысын жақсы білетін Зейнұрға тең келетін директор таппадық деп отыр.

Арман Әбдірахманов,  Бурабай ауданы ТКШ бөлімінің басшысы:

- Өткен жылу маусымы келіп қалғанда бұрынғы «Бурабай жылудың» есепшоты бұғатталып, жағдай өте өткір тұрды. Осы кезде қаланы жылыту «Жаңа тұрмыс» серіктестігіне тапсырылды. Зейнұр Әлібеков өндірісте таптырмайтын маман. Оған тең келетін маман болмады. Әкім Әлібековті кәсіпорын директорлығына тағайындады.

Серіктестіктің қарызын бюджет есебінен жаба алмайтыны түсінікті. Бірақ жергілікті билік жылуға жауапты «Жаңа тұрмыс» мекемесінде де қарыз қордаланып жатқанын білмейтін сияқты.

«Жаңа тұрмыс» серіктестігі келгенде директор ғана емес, жұмысшылардың тұрмысы да өзгермеген. Жаңа компаниядағылар еңбекақысын соңғы рет мамыр айында алған. Табан ақы маңдай термен тапқан жалақының екі айға кешіккеніне олар алаңдап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 қазан

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде