{metadescription}
Құмар ойынға құнығып, өз ауылының малын ұрлаған – Жамбыл облысы
Құмар ойынға құнығып, өз ауылының малын ұрлаған – Жамбыл облысы

Құмар ойынға құнығып, өз ауылының малын ұрлаған – Жамбыл облысы

Құмар ойын құрдымға құлатты. Жамбыл облысында ауылдастарының 19 бас жылқысын ұрлаған күдікті ұсталды. Қаракемер ауылының 36 жастағы тұрғыны бұл әрекетке құмар ойынға құныққаннан барыпты.

Бұған дейін тапқан-таянғанын бәске тігіп барынан айырылған күдіктінің көзі көрші-қолаңның төрт түлігіне түскен. Алғашында жайылымда жүрген алты бас ірі қараны қолды қылған. Араға он күн салып тағы 13 жылқы ұрлаған. Арасында бәйге, көкпарға қосып жүрген құны 2 жарым миллион теңгеге бағаланатын аттар да болған. Күдікті түнделетіп Меркі ауданындағы базарға бара жатқан жерінен ұсталды. Ол кінәсін толық мойындап, ауылдастарының 10 миллион 400 мың теңгесін өндіріп берген. Төрт түлік ұрлап оңай олжаға кенелмек болған жігіт бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.