{metadescription}
Астананың сол жағалауы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылмаған
Астананың сол жағалауы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылмаған

Астананың сол жағалауы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылмаған

Қыс түсе, қымбатшылық тағы қос бүйірден қысады. Елорданың сол жағалауында автономды жылу жүйесі жылдар бойы тұрғындардың қалтасын қағып келеді. Орталықтандырылған жылуды сарыла күткен бұқара қыс бойы бірнеше есе қымбат тариф төлеп әбден шаршаған.

Ал кезекті жылыту маусымына аз уақыт қалды. Тұрғындар жылдағы жыр тағы жалғаса ма деп алаңдаулы.

Сырт келбеті келіскен бұл үй елорданың әкімшілік орталығынан алыс емес. Пайдалануға 2018 жылы беріліпті. Содан бері халықты жылу мәселесі мезі етіп келеді. 95 пәтерлі көп қабатты бұл үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылмаған.

Құрылыс компаниясы қолданысқа берілер алдын тұрғындарға жылудан еш тарықпайсыздар деп уәдесін үйіп-төгіпті. Алайда ол сөз жүзінде қалып, мәселені автономды қазандықпен шешпек болып, керісінше жұртқа проблема тауып берген. Себебі орталықтандырылған жылу жүйесінен ай сайынғы төлемі үш есе қымбат. «Жылуға жарып қалармыз» деп жылда күткенімен, жағдайдың оңалар түрі жоқ, шығын шаш етектен деп шу көтерді пәтер иелері.

Ханымай Өскенбаева:

- Алты жылдан бері газ автономды жылумен отырмыз.Ол газға біз көп ақша төлейміз. Бір бөлмеге 30 мың, екі бөлмеге 40 мың, үш бөлмеге 50 мың. Бар тапқантаянғанымызды осы газға жұмсап отырмыз. Ақша төлемесе, қыстың ортасында келеді, мысалы, биыл 9 ақпанда келіп, өшіріп тастады.

Күдер үзген тұрғындардың жартысынан көбі үйін сатып жіберген. Ал қалғаны аяғына дейін барамыз деп бекініп отыр. 100-ге тарта отбасы тиісті жерге арыз-шағым жолдап, әйтеуір бүгін жауаптыларды жүзбе жүз көріп, сұрақтың астына алды.

Әсем Жұмағұлова, тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшесі:

- Құрылыс жобасын қорғап жатқанда әкімдік бізге үйді тұрғыза беріңдер деп рұқсат берді. 2017 жылы мұнда инфрақұрылым желі мүлде тартылмаған еді. Әкімдік шарасыздық танытқандықтан, біз өз қаражатымызға сұ құбыры мен кәріз жүйесін тартып, электр желісімен қамтамасыз еттік. Ал орталық жылу жүйесінің орнына әкімдік автономды қазандықты пайдаланыңдар деді. Тұрғындардың игілігі үшін онсыз да миллиондаған ақша жұмсадық осы уақытқа дейін. Ал тариф газ бағасының құбылуына байланысты.

Жылудан тарыққан жұрттың жанайқайынан әкімдіктегілер де хабардар. Сағызша созылған мәселені алғашқы суыққа дейін шешеміз деп бүгін тағы уәде берді.

Жүсіп Жұмағұлов, Нұра ауданының әкімі:

- Бір жарым айдың ішінде қосылады. Бұның алдында ең алдымен көрші үй рұқсат бермеді. Соған қаражат керек. Сол қаражатты қазір инвестор тауып, ақшамен көмек көрсетіп жатыр. жұмыс келесі аптада Құдай қаласа, бастайды. Бір ай, бір жарым айдың ішінде оны толығымен бітіреміз.

Тұрғындарға орталықтандырылған жылу желісі сан жылдарға созылған арманға айналғаны даусыз. Арқада алты ай қыс. Алты жыл күткен жылу қытымыр қыста тоңдырмаса болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.