{metadescription}
Ресей шипажайына бара жатқан 73 жеткіншектің бірі көз жұмды
Ресей шипажайына бара жатқан 73 жеткіншектің бірі көз жұмды

Ресей шипажайына бара жатқан 73 жеткіншектің бірі көз жұмды

Атырау-Астрахань пойызындағы оқушының өліміне қатысты тергеумен арнайы комиссия айналысады. Ресейдің Железноводск қаласындағы «Қазақстан геологы» шипажайына қарасты лагерьге бара жатқан 73 жеткіншектің бірі жолда жұмбақ жағдайда көз жұмған.

Пойызға мінген соң, бір жарым сағаттан соң 13 жастағы бала өзін нашар сезініпті. Өкінішке орай, «Нарын» стансасына келген жедел жәрдем дәрігерлері баланың қайтыс болғанын анықтаған. Тәлімгерлер балалар жолда тек үйден алып щыққан ас-суын ішкенін айтыпты. Оқушының неден қайтыс болғанын анықтау үшін Атырау облысында арнайы комиссия құрылған. Қазір баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберіліп, қылмыстық іс қозғалған.

Олар бара жатқан Кавказдағы шипажай Қазақстанға тиесілі екен. Шипажайға әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары мен үздік оқушылар жіберіледі. Биыл жазғы демалыс басталғалы 550-ге жуық бала демалып қайтқан.

Ерлан Сламбеков, Атырау облысы білім басқармасының басшысы:

- Атырау облысы білім беру басқармасы құзырлы органдармен бірлесіп, қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын тексеру үшін комиссия құрды. Баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберіліп, қылмыстық іс қозғалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде