{metadescription}
30 тамыздан бастап ереже бұзған самокатшы мен мопедшілерге – айыппұл
30 тамыздан бастап ереже бұзған самокатшы мен мопедшілерге – айыппұл

30 тамыздан бастап ереже бұзған самокатшы мен мопедшілерге – айыппұл

30 тамыздан бастап жол ережесін бұзған самокат пен мопед жүргізушілеріне айыппұл салынады. Талаптың күшейіп, қатаң шектеулердің енгізілуіне аталмыш көлік түрінің кесірінен болатын жол апатының көбеюі себеп.

Астананың өзінде жыл басынан бері 50 адам жарақат алған. Жаңа қабылданған заңда шағын электркөлік құралы мен электр скутері ұғымы енгізіліп, бірқатар ереже бекітілді.

Жаңа заңға сәйкес, самокатшы 18-ге толған әрі қолында жүргізуші куәлігі болуы шарт. Басында дулыға, ал қараңғы уақытта үстіндегі киімінде жарық шағылыстыратын белгісі болуы қажет. Жол жиегімен жүруге рұқсат. Ал тротуарда яки жаяу жүргіншілер жолына шықса, жылдамдықты алты шақырымнан асыруға болмайды. Жүк тасымалдау ережелерін де бұзбауы тиіс. Жанына адам мінгестіруге мүлде рұқсат етілмейді. Осы ережелерді ескермей бұзғандар 9 немесе 17 мың теңге айыппұл төлейді.

Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

- Бұл бізге оны пайдалану тәртібін заңнамалық тұрғыдан бекітудегі алғашқы қадам. Бұған дейін электр скутерлері мен шағын электр көліктері, былайша айтқанда, "заңды өрістен тыс"болған. Енді, бірінші кезекте, біз оларды қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптарды бекіттік. Бұл жолаушыларды тасымалдауға, жаяу жүргіншілер өткелдерінен өтуге, шағылыстыратын заттарды алып жүруге және олардың жолдардағы жеке қауіпсіздігінің басқа мәселелеріне қатысты.

Ішкі істер министрлігі мақсат – құқық бұзушыларды жауапқа тарту емес, керісінше, қолайлы жағдай жасап, тиісті инфрақұрылым құру дейді. Қазір әкімдіктер және кикшеринг компаниялармен бірлесіп тротуарларда, жолдарда және вело жолақтарда аталмыш көлік құралының қозғалыс жылдамдығын реттемек. Сондай-ақ құқық бұзушылардың жеке басын анықтау үшін скутерді кім, қашан және қандай бағытта пайдаланғаны да есепке алынады. Қалаларда скутерлердің қозғалысына шектеу бар және шектеусіз аймақ деп бөлу де қарастырылуда. Бұл транспорт құралының тұрағы үшін арнайы орындар да анықталмақ. Яғни алдағы уақытта самокатты көрінген жерде тастап кетуге болмайды.

Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

- Жарықсыз учаскелерде, қала сыртындағы трассаларда және кәмелетке толмағандарға электр скутерлерін пайдалануға тыйым салуды енгізу ұсынылды. Балалардың электр скутерлерін пайдалануын болдырмау үшін салмақ категориялары бойынша тыйым салу енгізілсін. Мысалы, 30 келі және одан жоғарыларға ғана рұқсат етіледі.

Ал кикшеринг компаниялар қара тізімге енген клиенттер тізімін құруды ұсынып отыр. Ол қатардан табылғандар бірде-бір компанияның самокатын пайдалана алмайды. Ішкі істер министрлігі жалпы осы және өзге де қабылданып жатқан ереже сақталмай, самокаттар сарсаңға салса, шетелдегідей, одан мүлде бас тартуға тура келуі мүмкін екенін айтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде