{metadescription}
Ақтөбе облысында ауылдағылар газ баллонын толтыра алмай отыр
Ақтөбе облысында ауылдағылар газ баллонын толтыра алмай отыр

Ақтөбе облысында ауылдағылар газ баллонын толтыра алмай отыр

Ақтөбе облысында ауыл тұрғындары газ баллонын толтыра алмай отыр. Газ тасымалына қатысты заңдағы өзгерістер тұрмыс-тіршілігімізді қиындатып жіберді деп ашулы. Себебі автогаз бекеттерінен баллон толтыруға тыйым салынған.

Сондықтан ас әзірлеуге бұрынғысынша тезек теріп, отын жинап, ошақ маңынан шықпауға тура келеді. Техникамызды жөндеуге де осы мәселе қолбайлау болып отыр дейді шаруалар.

Мәртөк ауданына қарасты 30 шақты ауылдың жартысынан көбіне газ тартылмаған. Бірақ қыста пеш жаққанымен, ас дайындауға газ баллоннын пайдаланатын. «Автогаз бекеттеріне баллонға газ толтыруға тыйым салғалы бері жағдай қиындады» - дейді тұрғындар.

Ұлмекен Дәукенова, Полтавка ауылының тұрғыны:

- Газ құймай жатыр. Баллонға құйып берсе, тамақ пісіретін. Сол проблема болды. Мәртөкте бір бекет істемейді, қордағы газымыз бітті. Баяғы замандағыдай отырмыз пеш жағып.

Егіс науқаны қызып тұрған шақта газ баллонының кесерінен шаруамыз тұрып қалды деп фермерлер де ашулы. Қырман басында ас әзірлеудегі қиындық былай тұрсын, техниканы жөндеуге қажет құралдарға да газ таба алмай отыр.

Мұрат Ақдәулетов, шаруа қожалығының басшысы:

- Ауыл шаруашылық болған соң, автоген. кескіш бар. Бәрі газбен кесілетін. Қазір дым істей алмаймыз. Не дәнекерлей алмай отырмыз. Жұмыс тұрып қалды.

Бұрын газ бекеттері баллон толтырып келгенін әкімдіктегілер растайды. Кейін заңға өзгеріс енгізілгелі, қауіпсіздік талабы күшейтілген. Айыппұл арқалаудан қорыққан бекеттегілер тұрмыстық баллонға мүлдем газ толтырмайтын болған. Енді Мәртөктегі шенеуніктер газ қоймасын салатын инвестор іздеп жатыр.

Асқар Ғаббасов, Мәртөк ауданы ТКШ және автокөлік жолдары бөлімі басшысы:

- Қазір бір емес, бүгінге дейін екі инвестормен сөйлестік. Газ жинау жолдарын қарастырып жатырмыз. Енді бір инвестордың жауабын күтіп отырмыз.

Облыс орталығында тұрмыстық газ баллоннын толтыратын орталық бар. Бірақ ол тек талонмен жұмыс істейді. Мұнда да ауылдағылар келіп, еркін газ құйдыра алмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 шілде

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.