{metadescription}
Аптап ыстықта шомыламын деп суға кеткендер көбейді
Аптап ыстықта шомыламын деп суға кеткендер көбейді

Аптап ыстықта шомыламын деп суға кеткендер көбейді

Елімізде аптап ыстықта көлге шомылуға барып, суға батқандар көбейді. Көкшетау маңындағы өзен-көлдерге соңғы күндері үш адам суға кетсе, Батыс Қазақстанда төрт адам мерт болған.

Асхат Ақылжанов, Ақмола облысы ТЖД басқарма бастығы:

- Негізінен суға түскен азаматтар өз күшін, мүмкіндігін дұрыс бағаламайды. Куәгерлердің айтуынша, суға батқан үш адамның екеуі арақ ішкен. Нақты өлім себебі сотмедициналық сараптамадан кейін белгілі болады.

Мәселен, Ақмола облысы Қаражар ауылы маңындағы Нұра өзенінің сағалары өте қауіпті. Осы жерге кешқұрым келген 25-26 жастардағы үш жігіттің бірі суға кеткен. Ал Красный Горняк ауылы маңында 1966 жылы туған бір топ сыныптастар жиналып демалыс ұйымдастырды. Көңілді отырыста суға батып бара жатқан құрдастарын ешкім құтқара алмады. Сол күні Есенгелді ауылының 53 жастағы тұрғыны да түн қата суға түсем деп мерт болған.

Батыс Қазақстан облысында осы күндері суға батқан төрт адамның үшеуі – бала. Соның бірі Бөрілі ауданында анасымен демалуға барған 13 жастағы қыз. Ал облыс орталығында университет студенті мен колледж оқушысы суға кетті.

Теміржан Таңжанов, БҚО ТЖД басқарма бастығы:

- Қазір коммуналдық та, жекеменшік жағажайларда да суға шомылуға келген адамдардың қарасы қалың. Олардың бәрін қадағалау мүмкін емес. Сондықтан тек рұқсат етілген жерде шомылып, сақ болған жөн.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде