{metadescription}
Kaspi.kz жүрек трансплантологиясына арналған дәстүрлі марафон өткізді
Kaspi.kz жүрек трансплантологиясына арналған дәстүрлі марафон өткізді

Kaspi.kz жүрек трансплантологиясына арналған дәстүрлі марафон өткізді

Елордада жүрек трансплантологиясына арналған жүгіруден жыл сайынғы марафон өтті. Шара «Жүрек орталығы» мен Kaspi.kz-тің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. 3 және 10 шақырымдық жарыс жолына сайысқа түсуге қатысушылар таңғы сағат алтыдан бастап ЭКСПО қалашығына жиналды. Биыл отбасымен марафонға қатысқандардың саны көп.

Екатерина Мостовая, «Жүрек орталығы» қорының БАҚ-пен байланыс менеджері:

- Біз бұл марафонды әлемдегі өзекті мәселенің бірі – жүрек трансплантологиясына арнап отырмыз. Алғашқы ота елімізде 8 тамыз 2012 жылы жасалған. Қоғамда бұл тақырып көп қозғалмайды. Тек басына іс түскен кезде ғана науқас проблемамен бетпебет келеді. Трансплантология науқастың өмірін сақтап қана қоймай, оның өмір сүру сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық-медициналық көмектің ең танымал түрі.

Жалпы қазір 3 мыңнан астам адам донор күтіп кезекте тұр. Мұқтаж жандардың ішінде жасы да, жасамысы да жеткілікті. Ұйымдастырушылар шарада өзекті мәселеге елдің назарын аударуды мақсат етеді. Жарыстан жиналған қаражат та отасын сарыла күтіп донор іздеп жүрген пациенттерге жұмсалады. Қазақстандықтар транспланттау мақсатында қайтыс болған соң дене мүшелерін беруге рұқсат еткісі келсе, egov.kz порталы арқылы өтініш беруіне болады.

Юрий Пя, кардиохирург:

- «Жүрек орталығы» ұйымдастырып жатқан бұл марафон жалғасын тапса екен деген ізгі ниет бар. Осы ретте бұл ісшараның және басқа да трансплантология саласындағы игі бастамаларға демеуші болған Kaspi.kzке рахметімді айтқым келеді. Қазақстанда мұндай ота әлі де кемшін. Көбі келіспейді. Қажет мүше болмаған соң, жыл сайын кезекте тұрған 100-ге жуық адам өлім құшады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде