{metadescription}
Атырауда балабақша жабылып, балалар — далада, қызметкерлер жұмыссыз қалды
Атырауда балабақша жабылып, балалар — далада, қызметкерлер жұмыссыз қалды

Атырауда балабақша жабылып, балалар — далада, қызметкерлер жұмыссыз қалды

Атырауда мектепке дейінгі мекеме аяқ астынан жабылып, жүздеген бала далада қалды. Оған қоса 70-ке жуық тәрбиеші уақытша жұмыссыз қалмақ. Салынғанына он жыл да болмаған балабақша апатты деп танылыпты. Білім бөліміндегілер балаларды ата-аналардың келісімінсіз жан-жаққа бөліп тастаған. Бәрінен бұрын балабақша қызметкері жұмыссыз қалатынына ашынады.

2014 жылы салынған қала орталығындағы№ 28 балабақша аяқ астынан апатты деп танылыпты. Осыдан кейін мектепке дейінгі мекемедегі 270 баланы білім басқармасындағылар жан-жаққа бөліп тастаған. Жуықта ғана жолдама алған ата-аналар әкімдіктің бұл шешіміне ашулы.

Алма Кенжебаева:

- Тамызда бәрімізді жинап, балабақша жабылады деп бізді вокзал алаңындағы бес балабақшаға бөлеміз деп айтты. Ол біздің үйлерімізден алыс, біріншіден, ертең жаңбырлы, қысты күні мен бұл балаларды қалай тасимын? Автобус жүрмейді. Біздің балабақша қанша уақытқа жабылады? Нақты ешқандай ақпарат бермей тұр. Біздің орнымыз сақталмайды дейді. Неге сақталмайды? Біз осы үкіметтің талабы бойынша «Индиго» сайтынан жолдама алып отырмыз.

Бөбекжайдағы жетпістен астам қызметкердің жайы не болатыны тағы белгісіз . Мұндағы тәрбиешілердің өзі әкімдіктің ғимаратты апатты деп танып, аяқ астянан жұмысын тоқтатып тастағанына аң-таң.

Гүлмира Балқанова, № 28 балабақша тәрбиешісі:

- Бұл Үкіметтен кеткен қате болғасын, әрқаймызға жұмыс тауып беруін талап етіп отырмыз. Бізді жұмысқа орналастырсын. Себебі жалғыз мен емес, баланы күтуші, басқа да қызметкерлер бар. Бәріне талап етіп отырмыз. Бәрімізде кредит бар, бәрімізде ауру бала бар.

Білім бөліміндегілер шілдеде шыққан сараптама қорытындысы бойынша, балабақша кенеттен апатты деп танылғанын айтады. Сондықтан жолдама беруді оған дейін тоқтатып қоюымыз заңсыз деп отыр. Ал мекемедегі балаларды жақын мекенжайлардағы балабақшаларға бөлдік дегенді айтты.

Айнагүл Дүйсекенова, Атырау қаласы білім бөлімінің басшысы:

- Балабақша апатты деп танылғанға дейін біз ол балабақшаның қызметін тоқтатуға заңды түрде құқымыз жоқ. Біз «Индиго» порталына мамыр айында бос орындарға салдық, маусым айында салынды.Ол кезде біз алдын ала ол балабақшаға күрделі жөндеуге кете ме, ағымдағы жөндеуге кете ме немесе апатты деп таныла ма, қолымызда қорытынды болмағандықтан, сол балабақшаның порталы арқылы биылға жинауға заң аясында жұмыс ұйымдастырдық.

Шенеуніктер он жыл болмаған балабақшаның аяқ астынан апатты деп танылуын ашып айта алмады. Дегенмен ғимараттың қабырғалары жарылып, жыл сайын жөндеу жасалалғанымен, нәтиже болмай тұрғанын айтты. Ал қызметерлерге тұрақты жұмыс тауып береміз деп уәде етті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде