{metadescription}
Шымкентте ерекше күтімге қажет балалардың ата-аналары наразылық білдірді
Шымкентте ерекше күтімге қажет балалардың ата-аналары наразылық білдірді

Шымкентте ерекше күтімге қажет балалардың ата-аналары наразылық білдірді

Шымкентте ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-аналары әкімдік пен білім басқармасына наразы. Себебі түрлі диагноз қойылған 43 жеткіншектің жартысына жуығына жергілікті билік мемлекеттен бөлінетін субсидияны бермеді дейді.

Айсана Әбдіқасымқызы:

- Біз бұған дейін алты ай басқа жеке орталыққа бардық. Ол жерде алғашында екі ай күніне, 10 күнге 300 мың, әр 10 күнге 300 мың теңге, күніне 30 мың, яғни айына 900 мың теңге төлеп, жеке сабақ алдық. Біз оған несие де алдық. Екі жақтың атаанасы да көмектесті.

Мемлекеттің субсидиялауымен ерекше балалармен жұмыс істейтін жалғыз балабақшада церебральді сал ауруы, сөйлей алмайтын және ақыл-есінде кемістігі бар балақайларды түзететін мамандар жиналған. Әр балаға бюджеттен бөлінуге тиіс 82 мың теңгені сұрағанда, санаулысын ғана қанағаттандырғаны ата-аналардың шымбайына батқан. Жекеменшік түзету орталықтары әр емделушінің басына айына 150-ден 500 мыңға дейін сұрайды екен. Сондықтан жәрдемсіз қалған балақайларға ақша бөлсін деген талап қойды. Білім басқармасы болса бұған қарсы емес. Олар балабақша басшылары конкурсқа құжат өткізгенде қателік жіберген деп отыр.

Жанат Тәжиева, Шымкент білім басқармасының басшысы:

- Себебі, ол жерде жалпы балаларға деп сұрап отыр. Ол жерде инклюзивті балаларға деп сұрамаған. Жалпы мемлекеттік тапсырысқа сәйкес, бала орнына сұраныс бергендіктен, бөлінген орын санын тең пайызда бөліп алған, комиссия шешімімен. Егер білім басқармасына құжаттамаларын рас өткізетін болса, біз осы айдан бастап ақшасын екі есеге дейін төлеп беруге дайынбыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде