{metadescription}
Бейәдеп сөз айтқан Щучье қаласының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды
Бейәдеп сөз айтқан Щучье қаласының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Бейәдеп сөз айтқан Щучье қаласының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Халық алдындағы есебінен кейін балағат сөз айтқан Щучье қаласының әкімі қатаң сөгіспен құтылды. Олжас Нұрмағамбетов микрофон қосулы тұрғанын және трансляция тоқтамағанын білмей қалып, бейәдеп сөз айтқанын мойындаған.

Осы сөзінен кейін орысшалап: «Сол парақшасын бір жеріне тығып қойсын!» деп ашуға мініп айтқаны таспаға жазылып қалған. Алғашқыда Олжас Нұрмағамбетов «жаман сөз айтпадым» деп ат-тонын ала қашқан. Қызметтік тексеріс басталғанда мемлекеттік қызметкер түсініктеме жазып, онда бейәдеп сөздерді халыққа емес, жергілікті ақпараттық порталдың тілшісіне қаратып айттым деп жазыпты. Олжас Нұрмағамбетовтың әкім қызметіне келгеніне жыл ғана болған.

Айнагүл Жанәділова, Ақмола облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі:

- Нұрмағамбетовтың этикаға жат әрекеті көпшіліктің наразылығын тудырды. Әрине, қызметтік тексеріс жүргізіліп, аталған ақпараттың шындыққа жанасатыны анықталды. Оның үстіне ол қателігін мойындады. Оған тәртіптік жаза яғни, қатаң сөгіс жарияланды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде