Сот үкімі: Сегіз жасар қызды зорлаған педофил емделуге жіберілді
Петропавл соты бала зорлаған азғынға үкім кесті. Сегіз жасар қызды дәл полиция бекеті маңында қорлап кеткен қылмыскер түрмеге емес, психиатриялық клиникаға емделуге жіберілді. Ең сорақысы – ауыр қылмысты жасаған кезде Алексей Мальченко қоныс колониясында жазасын өтеп жүрген.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
09.08.2023
Оқиға өткен жылдың шілде айында болды. Үйіне жақын жерде ойнап жүрген 8 жасар қызды Алексей Мальченко ағаш арасына күштеп апарып зорлаған. Жұрттың жағасын ұстатқан жағдай полиция бекетіне жақын жерде болған. Ал қылмыскер қала маңындағы қоныс колониясында жазасын өтеп жүрген екен. 27 жастағы жазасын өтеуші бірнеше ай бұрын ғана басқа колониядан ауысыпты. Заң бойынша Мальченкоға қара жұмысшы болып, колониядан тыс жерде жұмыс істеуіне рұқсат етілген. Қылмысты да осындай жұмысы кезінде істеп отыр. Сот қылмыскерді психикалық науқас деп таныды.
Ерлан Нұршәріпов, СҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:
- Егер де ол психикалық жағынан дені сау болса, оның қылмысы толық дәлелденіп сотталар еді. Біздің қолымызда кешенді тексерген сот медициналық сараптама қорытындысы бар. Мальченко ұзақ уақыт қадағалауда болды. Сол кезде ол өз ісіне жауап бере алмайтын жағдайда болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!