{metadescription}
Тауда жоғалған ресейлік туристің денесі табылды
Тауда жоғалған ресейлік туристің денесі табылды

Тауда жоғалған ресейлік туристің денесі табылды

Төрт күннен кейін тек мәйіті табылды. Тауға кетіп із-түзсіз жоғалған туристің денесі Абай мұздығында жатқан.

Ресейлік әуесқой альпинистпен байланыс үзілгелі бері құтқарушылар тыным тапқан жоқ. Іздеу шарасына еректілер де қосылған болатын. Бірақ Олег Ивановты ешкім құтқара алмады. Альпинистің өзі де тауға дайындықсыз кетіпті, яғни қолында арнайы құралдар болмаған. Үстіне де жеңіл киінген. Алатаудың шыңдарын түгел бағындырғысы келген ол серуенге жалғыз өзі кетіп, төрт күн бұрын ізім-ғайым жоғалған еді. Құтқарушылар туристерден тауға шықпас бұрын, барлық сақтық шараны сақтауды сұрайды.

Жанна Дәуренбекова, ҚР ТЖМ ресми өкілі:

- Төтенше жағдайлар министрлігі тауға жалғыз шықпауды ұсынады. Туыстарыңызға баратын және шамамен қайтып келетін уақытты ескертіңіздер. Ашық түсті киім киіңіздер. Өзіңізбен бірге өңірдің картасын, компасты, GPS навигаторын, байланыс құралдарын, алғашқы көмек жинағын алыңыздар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде