{metadescription}
Ит-мысығын тіркеуден өткізбегендер жазаланады
Ит-мысығын тіркеуден өткізбегендер жазаланады

Ит-мысығын тіркеуден өткізбегендер жазаланады

Ит-мысығын тіркеуден өткізбегендер жазаланады. Енді үш аптадан соң үй жануарларына жаппай чипті сырға тағып, таңба салыну басталады. Ветеринарлық есепке ит-мысығын енгізбегендер айыппұл арқалайды дейді мамандар. Төрт аяқтыларды тіркеуден қашқандарды анықтауға тәртіп сақшылары да тартылмақшы.

1 қыркүйектен бастап үй жануаралары түгелдей тіркелуі тиіс. Тек қолда асырап отырған тасбақа мен тышқандар есепке алынбайды. Бастысы, ит-мысықтың қаңғы емес, иесі барын, қандай мекенжайда тұратынын білуіміз керек деп отыр ветеринарлар. Ақпарат сырға немесе таңбағады чипке жазылады. Ал ит-мысығын тіркеуге қоймаса, иесі айыппұл арқалайды. Оның құны 35 мың теңгедей.

Зайрымбет Бектұрған, Ақтөбе облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

- Егер тіркелмеген жануарлар болатын болса, сол жерде тіркеуге ұсыныс енгізіледі. Егер қасақана әдейі түрде тіркелмейтін болса, онда материалдар құзырлы органдарға жіберіледі. Инфекциялық аурулардың таралуының бірденбір таратын осы ит пен мысық. Сонымен қатар ит пен мысықты тіркеудің бірден бір мақсаты қоғамға, адам өміріне қауіп төндірудің алдын алу мақсатында істеліп жатыр.

Ит-мысықтың тіркеуіне қатысты пікір сан түрлі. Көбі қараусыз жануарларды есепке алу жөн деп отыр. Қарсылар да бар. Өйткені чиптеуге кететін ақша иесінің қалтасынан шығады. Мысалы, тек төбет қана асырайтын «Жекпе-жек» тәлімбағында 15 ит бар. Оларды тіркетуге 200 мыңдай теңге керек.

Азамат Шантықов, «Жекпе жек» тәлімбағының иесі:

- Бұл енді далада жүрген, қаңғыған иттер дейді ғой, соларға керек деп ойлаймын. Өйткені адамдарға да зияны бар. Бізде айтады, төбет сүйер қауымдарда, Қазақстан бойынша, Ақтөбе бойынша тәлімбақтар көп. Олар енді қадағаланып, бүкіл екпесі егіліп, дәрумендері беріледі, қаралады. Қожайынымен серуенге шықса, қарауы бар дегендей. Оларға қажеті жоқ деп ойлаймын.

Былтырдан бері көшедегі қаңғы иттер жаппай чиптеліпті. Аулаған кезде құлағына сырға тағып, тіркеуге алынған екен. Ол үшін мемлекеттен қаржы бөлінді. Енді қолдағы ит-мысықты чиптеп, тіркеу құны нақты қанша болатыны белгісіз. Қазір жекеменшік ветеринарлық бекеттер ең арзаны он мың теңгеге шығады деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде