{metadescription}
Шымкентте автогаз тапшы, әр көлікке тек 2 мың теңгеге құйып жатыр
Шымкентте автогаз тапшы, әр көлікке тек 2 мың теңгеге құйып жатыр

Шымкентте автогаз тапшы, әр көлікке тек 2 мың теңгеге құйып жатыр

Шымкентте автогаз тапшылығы сезілуде. Көлігіне газ құю үшін жүргізушілер күнұзаққа жанармай бекеттерін аралайтынын айтып шағымдануда. Тапқан күннің өзінде әр көлікке 2 мың теңгеден артық құймайды екен.

Давран Әбдиев:

- Таңғы жет жарымнан бастап келдім. Түскі асымды ішуге барғанда да кезек көп болды. Бірақ сағат 1ге дейін және түнгі 12-ге дейін газ жоқ. Мүлдем таппайсың, бағасы 64 теңге. 2 мың теңгеден артық құйып жатқан жоқ.

Сұйылтылған газ таппай сенделген жүргізушілердің көбі көлігін тұраққа қойған. Ал автогаздың жоғалуына Шымкент мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмысы жүргізілгені себеп. Үш аптаға тоқтаған кезде жауапты басшылар Шымкенттегі газ қорын 29 мекемеге үнемдеп таратып беруге мәжбүр болдық дейді. Сондықтан, 215 станция шектеулі мөлшерде беріп отырған. Зауыттың уақытша тоқтауынан бөлек, газ құятын көліктердің күрт көбейгені де қиындық тудыруда дейді. Мәселен, былтыр Шымкенттің өзінде мұндай көлік саны 45 мың болса, қазір 50 мыңға жуықтаған. Десе де мегаполисті жанармаймен қамтуға жауапты шенеуніктер жағдай қазір тұрақталды деп есеп беріп жатыр.

Ілияс Есжанов, Шымкент энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының бөлім бас маманы:

- Әр жұмада мекемелерден есеп аламыз. Соңғы ақпаратқа қарай 1303 тонна бізде қорымыз бар, бірақ бізде сатылады, күнделікті зауыттан жеткізіліп отырады. 13001500 тоннаны ұстап отырамыз. Ең көбі 1700-ге дейін барған. Ең азы 1200 тоннаға түскен. Енді қазіргі жағдай тұрақты. 215 бекеттен қазір 203 бекетте бар. Қалған 12 бекетке енді жеткізіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде