{metadescription}
Порноматериал дайындаумен әрі таратумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Порноматериал дайындаумен әрі таратумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Порноматериал дайындаумен әрі таратумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Порноматериал дайындаумен әрі таратумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Мерей Қалиасқар

Порнографиялық материалдарды дайындаумен әрі таратумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Олар ұзақ уақыт әлеуметтік желіде модель агенттігінің атын жамылып, қыздарға ай сайын 2 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады деп өзін жарнамалаған. Қомақты қаражатты тек түрі келіскен 18-25 жас аралығындағы қыздарға уәде берген.

Жұмыс іздеп келген қыздарға қойылған талаптан бас тартқан жағдайда, оларға психологиялық қысым көрсеткен. Қылмыстық топтың құрамында өзіне жүктелген міндеті бар: ұйымдастырушылар, басшылар, әкімшілер, IT-мамандар мен тіпті бухгалтерлері де болған. Олардың соңғы бес жылдағы қаражат айналымы 3 миллиард теңгеден асқан.

Полиция Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Қарағанды қалаларында қыздардың интим видеоларын тәулік бойы көрсетуге арналған 79 кеңсе мен пәтерді анықтады. Арнайы операция барысында аталған қалаларда бір уақытта 138 тінту жүргізіліп, 80-нен астам компьютерлік жабдық, шамамен бір килограмм есірткі заты және 69 мыңнан аса АҚШ доллары тәркіленді.

Қуандық Алпыс, ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы:

- Полицияға 18 адам жеткізіліп, қылмыстық топтың 13 негізгі ұйымдастырушысы, оның ішінде үш шетел азаматы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір ІІМ тергеу департаменті трансұлттық қылмыстық топ құру, оған басшылық ету және қатысу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергептексеру жүргізіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде