Қазақстандықтарға жылуға төлеген миллирдқа жуық теңге қайтарылады
Қазақстандықтарға жылуға төлеген миллирдқа жуық теңге қайтарылатын болды. Мұндай шешім табиғи монополияларды реттеу комитеті жүргізген тексерістен соң қабылданып отыр.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
10.08.2023
Нәтижесінде, бір ғана Шығыс Қазақстан облысында жылуға 500 миллионға жуық теңге артық төленгені белгілі болды. Монополист компаниялар жылу есептегіш құралы жоқ тұтынушылардан сырттағы ауа температурасын ескермей, жыл он екі ай бір тарифпен есептеп, ақы алып отырған. Дәл осылай артығымен төлеген өңірлер жетерлік. Тек Шымкент қаласы, Жетісу, Ұлытау, Қостанай, Түркістан облыстары ғана кірмейді. Ал артығымен төлеген өзге аймақтағы тұтынушыларға қаражат қайтарылады. Ақша тұрғындардың түбіртегінде аванс, яғни артық алдын ала төлем ретінде түрінде түседі. Шоттағы қалдық биыл немесе келесі жылдың жылу маусымында ұсталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!