{metadescription}
Петропавлдың жылуэнерго орталығында жаңа құбырдың құрылысы тоқтады
Петропавлдың жылуэнерго орталығында жаңа құбырдың құрылысы тоқтады

Петропавлдың жылуэнерго орталығында жаңа құбырдың құрылысы тоқтады

Петропавлдың жылуэнерго орталығынан тағы да жайсыз жаңалық жетті. Былтыр опырылып құлаған құбырдың орнына салынып жатқан жаңа құбырдың құрылысы тоқтады.

Өйткені жобадағы қалыптан ауытқуы анықталған. Бетоннан соғылып жатқан алып құбырдың қисайғаны тексеру кезінде белгілі болды. Мамандар қайта бұзу қажет екенін жасырмайды. «Енді жылу маусымына дейін қайта жасап үлгере ме?» деген үлкен сұрақ туындайды. Жұмыс істегеніне 60 жылдан асқан жылуэнерго орталығындағы ескі құбыр былтыр наурызда құлаған еді. Орнына жаңасын тұрғызуға 2 миллиард теңге бөлінген. Құрылыста кеткен ақауды енді қайта қалпына келтіру қажет. Құбырды толығымен бұза ма, әлде жартысын қалдыра ма, оны мамандар анықтайды. Энергетиктер болған жағдайдың жылу маусымына кесірі тимейді деп сендіріп отыр.

Дмитрий Захаров, Петропавл ЖЭО-2 директоры:

- Жаңа құбырдың құрылысы жылыту маусымына дайындалуымызға әсер етпейді. Өткен маусымда оған көзіміз жетті ғой. 11 агрегатты қалған екі құбырға жалғау жұмысын жүргізіп жатырмыз. Агрегаттар қазандықтың жылу маусымы кезінде дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет. Ол жұмысты жақын арада аяқтаймыз. Сондықтан дайындығымыз жоспарлағандай жүріп жатыр деп айта аламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде