{metadescription}
Байланыс операторлары: Интернеттің жақсаруына радиофобтар кедергі
Байланыс операторлары: Интернеттің жақсаруына радиофобтар кедергі

Байланыс операторлары: Интернеттің жақсаруына радиофобтар кедергі

Интернет сапасының жақсаруына радиофобтар кедергі. Орталық коммуникация қызметі алаңында жиналған байланыс операторлары осылай дейді.

Бір Астананың өзінде екі мың тұрғынның арызымен 40 базалық станцияны алып тастауға тура келген. Бұл тек бір байланыс операторының келтірген дерегі. Енді бірі байланыс сапасына жарықтың сөндірілуі мен апат салдары, тіпті жаңбыр әсер ететін жеткізді.

Брифингте интернет жылдамдығы бойынша «Токионы басып оздық» деп, айды аспанға шығарған министр Бағдат Мусин төбе көрсетпеді. Дегенмен орынбасары оның орнын жоқтатпады. Асхат Оразбек күн тәртібінен түспей тұрған мәселені шешуде адамдарды кінәлаудан аулақ екенін білдіріп, интернет сапасынынң төмендігіне технологияның дамуы себеп деді.

Асхат Оразбек, ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі:

- Интернеттің сапасы нашар болса, оған адамдарды кінәлап қажеті жоқ деп ойлаймын. Мәселе технологияның дамып келе жатқанына байланысты. Жаңа технология пайда болған сайын адамдардың талғамы да, оны пайдалану қажеттілігі де пайда болады. Технологияның дамуы тоқтаған кезде ғана елімізде интернет сапасы 100% болады деп айтар едім.

Жыр болған интернет сапасын арттыру бойынша байланыс операторларының ойы қақ бөлінді. Бірі толықтай елді елді жылда интернетпен қамтамасыз етеміз десе, екінші тарап жыл сайын жөндеу жұмысы жүргізіліп, базалық станциялар орнатылса да, проблемалы нүкте көбейе түседі деп, мұны аксиомаға балады.

Қазіргі таңда әр қазақстандық ғаламторда 17 гигабайт жұмсаса, келер жылы бұл көрсеткіш 50-ге жетеді деп болжануда. Жауаптылар бұл ретте тариф бағасын ұстап тұру үшін байланыс операторларының арасында бәсекелестікті арттырмақ. Тіпті жыл соңына дейін жаңа ұялы байланыс операторы пайда болуы мүмкін екені айтылды.

Ержан Мейрамов, ҚР ЦДИАӨ Телекоммуникация комитетінің төрағасы:

- Әрине, бәсекелестікті орнату және оны ары қарай дамыту ол біздің басты мақсатымыз.Біріншіден, өздерінің білетіндей, Үкімет нақты тапсырмасы бар, атап айтқанда Қазақтелекомның ішінен екі мобильді оператордың біреуінен шығару. Қазір ақпарат ретінде айтарым, инвесторлармен жұмыс жалғасып отыр. Екінші мәселе, осы жылдың аяғына дейін жоспарымыз бойынша тағы да 5G желісін сату мақсатында аукцион ұйымдастыру. Егер оны басқа бір инвестор жеңіп алса, онда жаңа мобильді оператор пайда болатынына көз жеткізетін шығармыз.

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде