{metadescription}
Үш кәсіпкер мемлекет мекемесін 162 миллионға алдаған
Үш кәсіпкер мемлекет мекемесін 162 миллионға алдаған

Үш кәсіпкер мемлекет мекемесін 162 миллионға алдаған

Мемлекеттік мекемені 162 миллион теңгеге тақырға отырғызған. Талдықорған қаласының ақпараттық талдау орталығына істемейтін өнімді жеткізген үш кәсіпкер жазаға тартылды. Енді әрқайсысы 5 жыл түрмеге отырады.

Тергеу мәліметінше, үш компания қаладағы коммуналдық мемлекеттік мекемесімен 162 миллион теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады. Оған сәйкес, серіктестіктегілер пәтер иелері коопертивінің қызметтерін автоматтандыратын бағдарламалық өнімді жеткізуі керек еді. Жасап, жіберген. Бірақ жеме-жемге келгенде ол істемейтін болып шығыпты. Мемлекеттік мекемені сан соқтырған кәсіпкерлер жазаға тартылып, залал толық өтелді.

Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі:

- Бағдарлама басқару органдарының (ПИК) қызметін автоматтандыруға, басқарушы компаниялардың қызметін және қаланың тұрғын үй қорының жайкүйін бақылау бойынша әкімдіктің міндеттерін шешуге, сондай-ақ тұрғын үй қатынастарына қатысушылардың өзара іс-қимылына арналған. Алайда олар жұмыс істемейтін бағдарлама өнімін жеткізген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.