{metadescription}
Оңтүстік Кореяда қамауда жатқан отандастырымыз елге оралады
Оңтүстік Кореяда қамауда жатқан отандастырымыз елге оралады

Оңтүстік Кореяда қамауда жатқан отандастырымыз елге оралады

Оңтүстік Кореяда үш айдан бері қамауда жатқан қазақстандықтар елге оралатын болды. Бұл туралы кореялық сотта жерлестеріміздің мүддесін қорғаған заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Айтуынша, отандастарымыз миллион теңге айыппұлмен құтылған.

Мейірман Шекеев, заңгер:

- Сөз жоқ, бұл халықаралық істегі біздің тағы бір жеңісіміз. Қазір мен тағы да хабарласамын. Екі жігіттің атаанасымен. Айтылған ақшаны, айыппұлды бүгін жинап берсе, бүгін шығып кетеді. Болмаса, айыппұлды түрмеде отырып, күніне 100 мың вонмен есептесуге болады. Әрқайсысына 3 миллион воннан, ол біздікіне шаққанда миллион теңгедей айыппұл салынды. Содан кейін елге қайта береді.

Отандастарымыз Оңтүстік Кореяға 2023 жылдың 25 наурызында Өзбекстаннан ұшып барған. Құжаттарындағы қателікке байланысты оларды елге кіргізбей, Инчхон халықаралық әуежайының депортация залына жіберген. Корея полицейінің талабына мойынсұнбаған екеу әуежайдағы ұшу-қону жолағына жақын орналасқан үш жарым метрлік қоршаудан секіріп өтіп қашып кеткен. Тәртіп сақшыларынан бой тасаламақ болған жерлестеріміз ақыры құқық қорғау қызметкерлерінің қолына түсіп қамауға алынды.

«Екі қазақстандық та өз кінәсін мойындап, отбасын асырау мақсатында жұмыс істеу үшін ұшып келгенін айтқанымен, жазадан құтылмады. Сот залдында Кореяның прокуратурасы үш жыл бас бостандығынан айыруды сұраған. Дегенмен судья заңгерлер дайындаған құжаттарды назарға алып, айыпталушылардың әрқайсысына біздің ақшаға шаққанда миллион теңге айыппұл салып, жазаны ауыстырды. Ұсталғандардың екеуі де Түркістан облысының тумалары.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.