{metadescription}
Таразда жөндеу көрмеген 160 пәтерлі үй қыста жылусыз қалуы мүмкін
Таразда жөндеу көрмеген 160 пәтерлі үй қыста жылусыз қалуы мүмкін

Таразда жөндеу көрмеген 160 пәтерлі үй қыста жылусыз қалуы мүмкін

Тараздағы 160 пәтерлі үй қақаған қыста жылусыз қалуы мүмкін. Өйткені бес қабатты үйдің құбыры жарылып, жертөлесін су басқалы он жылға жуықтады дейді тұрғындар. «Мәселеміз ұмыт қалды» деген тұрғындар бүгін шаһар басшысын өздері іздеп әкімдікке барды.

Кәріз құбыры жарылған, жертөлесін су басқан, жағымсыз иіс қолқаны қабатын шалғайдағы емес, шаһардағы 10-шы мөлтек ауданындағы тұрғын үй. Бұқара бұған дейін бүлінгенді өздері жөндеп шаршаған. «Баспанамыз 40 жыл жөндеу көрмедегі» деген елдің шыдамы шегіне жеткен.

- Міне, біз дәл осындай тозығы жеткен үйде тұрып жатырмыз. Мынаның барлығын қайтақайта жөндеуге біздің қалтамыз көтермейді. Арғы жағын қарасыңыз, тіптен жағаңызды ұстайсыз. Өткен қыстан қалай аман шыққанбыз деп таң қаламыз.

Мұндағы бесінші қабаттың тұрғындары үйіне жыл сайын жөндеу жүргізеді. Өйткені жел тұрса, шатырсыз қалады. Жаңбыр жауса, төбесінен су сорғалайды. Әкімдікке арызды айтып та, жазбаша жолдап та шаршаған.

Гүлнар Мұсағалиева:

- Төбені қанша рет жаптырдым. Қанша ұшып кетті. 37 жылда он рет жапқан шығармын. 15ші үйге қырық жыл болған шығар. Бір рет те жөнделмеген. Жертөлені су басып жатыр. Жаңа жертөлеге кірсек, ыстық су да ағып жатыр. Енді ертең күн суыса, мынау жарылады.

Шу шыққан жерге шұғыл жеткен әкімдіктегілер тұрғындарға әдеттегі жауабын айтты. Тозығы жеткен тұрғын үй биыл да жөндеу көрмейді. Себебі республикалық бюджеттен қаржы қарастырылмаған.

Асанәлі Түкебаев, Тараз әкімдігі тұрғын-үй қатынастар бөлімінің басшысы:

- Бұл жерде тек қана өз күшімен, әр тұрғын өз тарапынан ақша жинап, қолдан келгенше жөндеу керек. Осы қыстан өту керек. Келесі жылы түгел толық жөнделеді.

Бөлім басшысының берген жауабына қанағаттанбағандар әкімдікке шаһар басшысын іздеп барды. Алайда аймаққа Үкімет басшысы Смайыловтың келуіне байланысты Орынбеков мырза қызмет орнында болмады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде