{metadescription}
Қырғызстан көрші мемлекеттерге арнайы бекітілген кестеге сәйкес су берген
Қырғызстан көрші мемлекеттерге арнайы бекітілген кестеге сәйкес су берген

Қырғызстан көрші мемлекеттерге арнайы бекітілген кестеге сәйкес су берген

«Судың өзімізге жетпей жатқанын ескерткенбіз». Қырғызстанның ауыл шаруашылығы министрлігі Жамбыл облысындағы су тапшылығына қатысты пікір білдірді. Су осыған дейін көрші мемлекеттерге арнайы бекітілген кестеге сәйкес беріліп келген.

Ал биыл қоймалардағы судың аздығына байланысты мөлшері бұрынғыдан едәуір азайған. қырғыз тарапы түсіндіргендей, тамыз айының екінші он күндігінде судың мүлде тоқтайтыны біздің жауапты шенділерге ескертілген. «Киров су қоймасына құйылатын ағыс ұлғайған жағдайда Қазақстанға арнап су жиналатын болып келісілді» - делінген көрші елдің хабарламасында.

Қырғызстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі:

- Қырғыз тарапы Шу мен Талас облыстарында да дәл осындай қиын жағдай қалыптасқанын, су тапшылығына байланысты штабтар құрылып, тұтынушыларды сумен қамтамасыз ету үшін су айналымының кестесі әзірленгенін хабардар етті және Қазақстан тарапына секундына 45 текше метрден су жіберетін болса, 1 тамызға қарай Қазақстанның үлесі 3,54 млн текше метр болатынын, секундына 10 текше метр шығын кезінде су 4 тамызға дейін таусылатынын ескерткен. Бұл ретте қырғыз тарапы өз фермерлерінің суға мұқтаж екенін білсе де, амалсыздан су айналымы кестесін енгізу арқылы су алу лимитін үнемдеді. Бүгінгі күнге дейін Талас алқабында сумен қамту көлемі өте төмен деңгейде қалып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде