{metadescription}
Маңғыстау облысында электр энергиясына шектеу қойылды
Маңғыстау облысында электр энергиясына шектеу қойылды

Маңғыстау облысында электр энергиясына шектеу қойылды

Маңғыстау облысында электр энергиясы сағатпен ғана берілетін болды. Әсіресе мұнай компанияларына қатысты бұл шектеу. Одан кейін тұрғындар бірнеше сағат жарықсыз отыруына тура келеді. Аурухана сияқты әлеуметтік нысандарды жарықтан ажыратпау басты назарда. Бұған аймақты су, жылу және тоқпен қамтып отырған «МАЭК» комбинатындағы екі энергетикалық блок жұмысының тоқтауы себеп.

Мұрат Иғалиев, «МАЭК» ЖШС бас директорының өндіріс және БН-350 РҚ жөніндегі бірінші орынбасары:

- Комбинаттағы ақау үшінші электр станциясында болды. Онда үш энергоблок бар. Жалпы «МАЭК» электр энергиясының жалпы өндіріс қуаттылығы 545 МВт. Алайда екі электр станциясындағы энергетикалық блоктардың мәжбүрлі тоқтауына байланысты өндіріс қуаттылығы қазір 245 МВтқа дейін қысқарған. Мамандар күндіз-түні энергия блоктарының жұмысын тез қалпына келтіру үшін жұмыс атқаруда.

Енді тұтынушылар тәулігіне 3-тен 5 сағат жарықсыз отырады. Жергілікті билік абоненттерге жоспарланған үзілістер туралы алдын ала хабарланады. Мұндай режим бір аптаға дайын жалғасады. «МАЭК» комбинатындағы екі электр станциясындағы энергетикалық блоктардың мәжбүрлі тоқтауына байланысты өндіріс қуаттылығы қазір екі есе азайып кеткен. Осы орайда жергілікті билік меморгандар және коммуналдық қызмет өкілдерімен бірге ең алдымен әлеуметтік объектілерді электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша жедел-штаб құрды.

Жұмабай Қарағаев, Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары:

- Бүгінде мұнай компанияларына тоқ беруден шектеу бар. Басқа қосымша елдімекендерге қазір жетіспейтін 40 мегаваттай электр энергия елдімекендерге шектеулер енгізіліп басталып жатыр. Әлеуметтік нысандар сумен қамтамасыз ететін нысандар толық электр энергиямен қамтылып отыр. Осындай жағдайды болдырмау үшін жұмыс атқарып жатырмыз. “МАЭК” ЖШС қызметкерлері күнітүні осындай жағдайды болдырмау үшін жұмыс істеп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде