{metadescription}
Астанада үшінші жылу электр орталығының құрылысы аяқталып қалды
Астанада үшінші жылу электр орталығының құрылысы аяқталып қалды

Астанада үшінші жылу электр орталығының құрылысы аяқталып қалды

Елордадағы үшінші жылу электр орталығының құрылысы бітуге таяды. Бұл туралы премьер-министрге жылыту маусымына дайындықты пысықтау кезінде баяндалды.

Үкімет басшысы бұл жобаның әлеуметтік маңыздылығына тоқталып, оны іске қосу Президенттің ерекше бақылауында екенін тілге тиек етті.

Әлихан Смайылов «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу стансаларының да құрылысын барлап қайтты. Бірі сағатына 350 гигокаллорий көлемінде қаланы қосымша жылумен қамтамасыз етсе, екіншісі Есілдің сол жағалауын осы шамада жылытуы тиіс. Биыл төрт қазандықтың бәрін кезең-кезеңімен іске қосу жоспарланып отыр. Бұл бас шаһардағы жылу қуатын едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа газ жылу стансасының тиімді тұсы – табиғи газды үнемдеуінде. Яғни шағын қазандықтар дизельмен де жұмыс істей алады. Жалпы жылуды артығымен беруге ден қойылуда. Ал тұрақты түрде елорданы жылумен қамтамасыз ету үшін келесі жылы қосымша газ қазандықтарын енгізу көзделуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде