{metadescription}
Еліміздегі бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанатын болды
Еліміздегі бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанатын болды

Еліміздегі бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанатын болды

Жаңа оқу жылында еліміздегі бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылатын болды. Бұған дейін Үкіметтің бұл шарапатын аз қамтылған отбасылар ғана көретін. Енді әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, ыстық асты барлық 1-4 сынып оқушылары ішетін болды.

Жолдас Батырхан, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары:

- Кез келген мемлекеттен бөлінетін қаражат мемлекеттік салып алу порталындағы орташа бағаның жүйесінде қалыптасады. Яғни ондағы әрбір тағамның, жасыратыны жоқ, Павлодарда картоп арзан болуы мүмкін, Қызылордада күріш арзан болуы мүмкін. Соған сәйкес, әр өңірде баға осылай қалыптасып отыр. Баланың күндік номасын мектепте беру мүмкін емес. Біз ең бірініші, мектеп уақытында, 56 сағат ішінде қажет калорияны қалыптастыру мақсатында береміз.

Республика бойынша тегін тамақтану құны бір балаға орта есеппен 577 теңге болып бекітілді. Ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді. Мұнда бір оқушыға 800 теңге қарастырылған. Ал мектепке ас-ауқат тасымалдап, оны әзірлеумен айналысатын кәсіпорындармен қоян-қолтық жұмыс жасап жүрген қауымдастық өкілдері бұл соманы тым аз деп отыр. Айтуларынша, жауапты сала өкілдері бұл сомаға тек азық-түлік бағасын кіргізген. Оны тасымалдау, жеткізу мен аспаздарға төленетін қаражат есепке алынбаған. Одан бөлек, бұл сома бір жылға шектік баға ретінде есептеледі. Яғни оқу жылының соңына дейін тауар құны сан құбылса да, кәсіпкерлер бар шығынды өз қалтасынан өтеуге тиіс.

Салтанат Лесбаева, Мектепте тамақтандыру кәсіпорындары қауымдастығының жетекшісі:

- Министрлікке бұған дейін де талай рет айттық. Әр оқушыға есептелетін бұл сомада азықтүлік бағасы ғана көрсетіліп отыр. Ал кәсіпкердің бұдан өзге де шығыны бар. Соны ескеру қажет. Балаларымызға сапалы тағам түрін ұсынуды көздесек, міндетті түрде тасымалдау шығынын қосу керек. Және ескере кететін бір жайт, бұл бекітілген сома бір жыл бойына сақталады. Оны өзгерту мүмкін болмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде