{metadescription}
Түркістанда егде жастағы әйел лифт шахтасына құлап өлді
Түркістанда егде жастағы әйел лифт шахтасына құлап өлді

Түркістанда егде жастағы әйел лифт шахтасына құлап өлді

Түркістанда егде жастағы әйел лифт шахтасына құлап мерт болды. Көпқабатты үйдің үшінші қабатынан құлдилаған зейнеткер Қалдыкүл Ахметова ауруханада көз жұмды. Марқұмның көршілері жеделсатының істен шыққаны туралы ешкім ескерткен жоқ деп отыр.

- Лифті істемейді деп қойып кеткен. Бірақ есігі ашыпжауып тұр. Содан апа түсіп кеткен ішіне. Ескерту ештеңе жоқ. Ортада жазған дейді. Көп адам жоқ ол жерде, сыртына ештеңе ілінбеген. Содан апа түсіп кеткен. Содан қайтыс болды.

Жалғыз өзі тұратын 74 жастағы зейнеткер есіктен аттап басқан кезде лифттің кабинасы болмай шыққан. Жедел жәрдем тез жеткенімен, үйдің жертөлесінде жатып қалған әйелге жете алмай, құтқарушыларды көп күтіп жатып қалыпты. Көп қан жоғалтқан ол жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Жалпы тұрғындар былтыр ғана берілген үйдің лифтісінің жұмысына шағым көп екенін айтады. Шайқалып тұратын ол жұмыс істегенінен істемейтін күні көп дейді. Тұрғындардың шағымын құлағына ілмей келген атқамінерлер осы қайғылы жағдайдан соң ғана жан-жақты тексеріп, енді жұмыс істемекші екен. Полицейлер де бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғап, сараптама тағайындады.

Талғат Үсенбаев, Түркістан тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:

- Жабық тұрғаны бізге беймәлім нәрсе. Бұл жерде қасында ешкім болмаған. Лифт негізі тоқтап тұрған, 5-ші қабатта, сол жерде кабина тоқтап тұрған. Бұл жерде бірінші этаждан жоғары қарай шығамыз деп, төмен түсіп кеткен дейді. Енді тергеу жүріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.