{metadescription}
Алматы барахолкасындағы өрттің себебі әлі анықталмады
Алматы барахолкасындағы өрттің себебі әлі анықталмады

Алматы барахолкасындағы өрттің себебі әлі анықталмады

Себебі әлі анықталмады! Осыдан екі бұрын Алматының Барахолка базарының қоймалары отқа оранып, миллиондаған теңгенің заты күл болды. Алапат өрттен кейін көнерген ғимарат мүлдем жарамсыз деп танылып, қазір нысанды бұзып жатыр.

Сенбінің таңында жұртты әбігерге салған қызыл жалын 2 жарым мың шаршы метр аумақты жалмап үлгерген. Қою қара түтін қаланың барлық шетінен көрінді. Төтеншеліктер жедел жеткенмен, от оңайшылықпен ауыздықталмады. 25 техника мен 85 өрт сөндіруші жұмылдырылды

Қазіргі уақытта жалынның неден болғанын анықтау үшін жедел топ құрылған. Шығын көлемін де әзірге дөп басып айту қиын. Бір белгілісі, мұнда 15- тен астам кәсіпкер осы қоймаларды жалға алған. Негізінен кеңсе тауарлары мен телефон аксессуарлары сақталған екен.

Арман Мәкенов, Жетісу аудандық ТЖБ басшысы:

- Қазіргі таңда жоғарыда айтылғандай, кінәлі тұлғаны анықтау процесі жүріп жатыр. Анықталғаннан кейін сот шешімі арқылы толықтай келтірілген шығындарды сол кінәлі тұлғадан анықтайтын болады. Алдын ала тергеу жұмыстары аяқталғаннан кейін толықтай әкімдіктің көмегімен инженерлік техника кіргізіліп, толықтай ғимаратты әлсіз тұрған ғимараттарды қирау басталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.